13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

26 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелерімен айналысатын ғалымдар мен сарапшылар жабық архив материалдарына рұқсат алып, зерттеу жұмысын жалғастыруда. Оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін базалық әдіснама бекітілді, жұмыс топтарының тақырыптық жоспарлары қалыптастырылды, жергілікті жерлерде архив құжаттарын іздеу және зерделеу мәселелері бойынша кездесулер өткізіледі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған болатын. Оның қызметі тарихты зерделеу мен архивтік зерттеулер жүргізу жөніндегі кешенді жұмыстың негізінде жүзеге асырылады. Комиссия қызметін ұйымдастыру аясында жобалық офис, екі кіші комиссия, 11 жұмыс тобы және 17 өңірлік комиссия құрылып, жұмыс істеуде.

2020 жылғы 3 желтоқсандағы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасына сәйкес 2021 жылғы 14 қаңтарда облыс әкімінің №6 қаулысымен «Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия» құрылған болатын. 2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатының шешімімен комиссияның құрамы бекітіліп, өз жұмысын бастады. Ұйымдастырылатын комиссия отырысына Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері мен облыстағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ мүшелері қатысып тұрады.
Еске салсақ, маусым-тамыз айлары аралығында облыс тұрғындарымен кездесу үшін комиссия және жұмысшы топ мүшелері облыстағы аудан, қалаға экспедицияға шыққан болатын. Ал 2021 жылы маусым айынан бастап аудан, қалада әкімдіктерінен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша тұрғындарды қабылдайтын арнайы мамандар жұмыс жасап бастаған еді.Сонымен қатар, комиссия мүшелерінің ұсыныстарына сәйкес ақпараттық насихаттық жұмыстарды жүргізу үшін арнайы медиа жоспар бекітіліп, насихат жұмыстарын жандандыру қолға алынған.

Егемендік алған 30 жыл ішінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі мемлекеттік деңгейде екінші рет қолға алынып отыр. 1993 жылы сәуірде «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау туралы» Заң қабылданып, бірқатар қазақ зиялысы, жазықсыз жала жабылған азаматтар ақталған-ды. Алайда, ол кезде шаруалар көтерілісі, бай-кулактарды жою, олардың мүліктерін тәркілеу және күштеп отырықшыландыру, жаппай ұжымдастыру, 1920-1933 жылдар аралығындағы саясатқа қарсы көтерілген халыққа және дін өкілдеріне қатысты жаппай жазалау салдарынан құрбан болғандар ол заңнан тыс қалған еді. Мемлекеттік комиссия осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында өңір-өңірдегі жұмыс топтарының көмегімен зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта "Туған жерім- тұғырым" атты қылқалам шеберлерінің байқауы өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: Тарихи әділдік қалпына келуі керек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі