13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Туған жерім- тұғырым» атты қылқалам шеберлерінің байқауы өтті

26 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Туған жерім- тұғырым» атты қылқалам шеберлерінің байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жас суретшілерге қолдау көрсету қашанда маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында «Жас әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, ұдайы ізденіс үстінде жүреді» делінген. Осы мақсатта дарын иелерінің қаламын ұштап, талабын шыңдауды көздеген жас суретшілер байқауы Қазығұрт ауданында да ұйымдастырылды.

Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылдық клубында жас қылқалам шеберлерінің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, жас талант иелерін анықтау,оларға жол көрсетіп бейнелеу өнерін дамыту мақсатында байқау өтті. Жас қылқалам шеберлері сынға түскен сайыс «Туған жерім- тұғырым» деген тақырыпқа арналған. Сайысқа 6 үміткер қатысты. Үміткерлер туындысы акварель, гуашь, майлы бояудан салынды. Суреттердің идеялық мазмұны мен ой-ұшқырлығына, композициялық шешімі, колориттік көрінісі, орындау техникасына баса мән берілді. Арасынан үздік деп танылғандары марапаттау сәтінде жүлделі орындарға ие болды.«Ең байқампаз халық – балалар мен суретшілер» деген даналардан қалған сөз бар. Байқауға қатысқан оқушылар өнерлерін жан-жақты паш етуге тырысты. Олар ұлттық салт-дәстүр мен бірлікті, сыйластықты туған жерді сипаттап бейнелейтін, суреттерді қағаз бетіне түсірді.

Туған жерді өз бетінше сипаттап, қағаз бетіне түсірген жас қылқалам шеберлері, өздерінің ұшқыр қиялдарын ұштастыра отырып әрлеуде. Жас таланттардың басын қосқан бұл байқау, келесі жолы ауқымды түрде ұйымдастырылады деп күтілуде. Өйткені, қатысуға ниет білдіргендердің қатары күн санап артқан көрінеді.

«Туған жерім- тұғырым» атты жас суретшілер байқауында жүлделі орындар бекітілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – талантты, дарынды мектеп оқушыларына қолдау көрсету, оларды ынталандыру. Байқауда жас суретшілер туған жер тақырыбына орай түрлі бейнені салды. .
Мұндай ісшараларға оқушылардың белсенділік танытып қатысып жатқаны қуантады, дейді мамандар.

Previous Post

Қуғын - сүргін құрбандарын ақтау: Түркістандық тарихшылар зерттеу жұмысын жүргізуде

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЯСИ-ҚУҒЫН СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ТОЛЫҚ АҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі