13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ АУҚЫМДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ АУҚЫМДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің биылғы алғашқы ауқымды отырысы Келес ауданында өтті.
Жиынға Өңірлік кеңестің төрағасы Нұралы Әбішов, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Керімханұлы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Қабыштаев қатысты.

«Бүгінгі жиынның басты мақсаты – сіздердің мәселелеріңізді тыңдау және оларды шешуге жәрдемдесу. Сонымен қатар, мәселерді шешуден бөлек, барша кәсіпкерлердің басын біріктіру мақсатын қойып отырмыз. Яғни кәсіпкерлер өздері бірігіп, мемлекеттік мекемелер немесе ұйымдардың өкілдерін шақыртып, проблемаларын жеткізе алады», – деді Өңірлік кеңестің төрағасы Нұралы Әбішов.
Шарада шағын және орта бизнес субъектілерін алаңдатқан өзекті сұрақтар тыңдалды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қысым көрсету мен жұмыс барысына заңсыз араласу, әкімшілік кедергілер келтіру және негізсіз әуре-сарсаңға салу әрекеттерін болдырмау мәселелері қаралды.

«Бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық жағдайларға жол бермеу Агенттіктің жұмысындағы жаңа бір басымдық ретінде айқындалып, бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аударылып отыр. Бұл ретте, Департамент бизнес-қоғамдастық өкілдерімен тікелей ашық диалог орнатуға және бизнесті жүргізуге кері ықпал ететін мәселелерді бәрлесіп шешуге дайын екендігін назарларыңызға жеткізгіміз келеді», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Керімханұлы.

Жиында кәсіпкерлер ірі қара малға, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне, балық шаруашылығына берілетін несие алу шарттары мен ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігі турасында ұсыныстарын ашық білдірді. Сондай-ақ, берешектің өтеу мерзімдерін кейінге шегеруге және жеңілдетілген несие қарастырылуына ықпал етуді сұрады.
Айта кетсек, шарада палата мамандары балық шаруашылығына 500 млн теңге жемге, ал инвестициялық субсидияға 200 млн теңге және жылдық мөлшерлемесі 4%-бен 10 жыл мерзімге жеңілдетілген несие берілетіндігін жеткізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҮШ ТІЛДЕ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЖҮРЕК, МИ ЖӘНЕ АЯҚ-ҚОЛ ТАМЫРЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЙТЫН ЗАЛ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі