13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҮШ ТІЛДЕ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҮШ ТІЛДЕ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Ұлттық пікірсайыс» республикалық турниріне іріктеу кезеңдері басталды. Облыстық қорытынды сайыс 28-қаңтар күні Түркістан қаласында өтеді. Қазіргі таңда аудандарда оқушылардың мектепаралық жарыстары өтіп жатыр.
«Алғашқы рет өтіп республикалық сайыстың маңызы айрықша. Мектеп оқушыларын кез келген мәселені жан-жақты талқылап, ойлау қабілеттері мен тіл шеберліктерін арттырады. Оқушыларымыздың талпынысы ерекше. Мәселен, бүгін Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта мектебінде аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Оқушылардың тіл білуі, сөз саптауы, ой жүйелеуі таңдай қақтырады. Дарынды жастарымызға алдағы облыстық, республикалық жарыстарда жеңіс тілейміз», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова.
Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өткен ой додасында қазақ лигасы бойынша І орынды Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебі иемденді. Ал ІІ орынды Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі мен М.Горький атындағы №1 мектеп гимназиясы алды. Ю.Гагарин атындағы №3 Исмайлов атындағы №45, Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектептері ІІІ орыннан көрінді.
Сонымен қатар, орыс лигасы бойынша І орынды М.Горький атындағы №1 мектеп гимназиясы алды. Сондай-ақ, ІІ орынды №25 жалпы орта мектебі иемденсе, Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп гимназиясы ІІІ орыннан көрінді. Ал ағылшын лигасы бойынша І орынды Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп гимназиясы жеңіп алды. ІІ орын М.Горький атындағы №1 мектеп гимназиясына бұйырды.
Облыстық кезеңге қазақ лигасы бойынша Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебі, орыс лигасы бойынша М.Горький атындағы №1 мектеп гимназиясы, ал ағылшын лигасы бойынша Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп гимназиясының оқушылары жолдама алды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ АУҚЫМДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі