13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

27 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – АЙБЫНДЫ ЖАСТАР» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің беделін арттыру, жастардың әскери-патриоттық рухын көтеру мақсатында «Ұлы Дала Елі» орталығында «Жаңа Қазақстанның тірегі – айбынды жастар» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық акциясы өтті. Оны ҚР Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті және ҚР ҚК БШ Жұмылдыру-ұйымдастыру жұмыстары департаменті мен Жастар ресурстық орталығы, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шараға жергілікті атқару органдарының өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер мен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері қатысты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, доғарыстағы полковник Бабай Алдабергенов Түркістанға келген барша офицерлер мен әскери қонақтарға алдағы жұмыс жоспарына сәттілік тіледі.
Еліміздің бірнеше өңірінде жоспарланған ақпараттық-түсіндірме тобында ҚР ҚМ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі подполковник Ғалымжан Қаршығаұлы, ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі, полковник Қуаныш Зекенұлы, ҚР ҚМ Заң департаментінің өкілі, подполковник Полатхан Алдабергенұлы арнайы қатысты. Олар жастарды Отан алдындағы әскери парызын өтеуге шақырды. Әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндіріп, әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар әскерилерді медициналық көмекпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, әскерге шақыру тізіміне тіркеу тәртібі және әскери есеп пен қызметтің заңнамаларының негізгі ережелері де оқушыларға толыққанды түсіндірілді.
Іс-шара соңы әскери-патриоттық ән кешіне ұласты.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ 15 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІН ТАПСЫРДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҮШ ТІЛДЕ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі