13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру мақсатында аудан, қаладағы Жастар ресурстық орталықтары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірлесіп жұмыс жүргізуі бойынша дөңгелек үстел өтті.
Алқалы басқосуда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшы орыбасары Бахыт Ахымбетов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева кәсіпкерлікті дамыту бағытында тұшымды ой-пікірлерін ортаға салып, өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын түзді.
Жиында жастардың жұмыспен қамтылуы мәселелері мен мемлекеттік гранттарға қатыстыру және кәсіпкерлікке бейімдеу бағытында ақпараттар берілді.
Кездесу шеңберінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арасындағы өзара ынтымақтасты дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары түзілді.
Айта кетсек, жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген заңдылықтар мен өзгерістер жайлы толыққанды ақпараттар алдағы уақытта арнайы ұсынылатын болады.Айта кетсек, Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылды.
Бұл бағыттағы 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, облыс орталығында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтініш білдірген 273 азаматқа (оның ішінде 120 әлеуметтік осал санатына жататын тұлғаларға және 153 жұмыссыз жастар) қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілді. Бүгінде грант қаражатымен қамтылған азаматтар заңды тұлға ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін дөңгелетуде.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады. Ал бұл қаржыны тұтынушылық мақсаттарға, несие қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға қолдануға болмайды.
Бастапқы кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсету шаралары биыл да жалғасады. Жоспарға сәйкес, биыл 110 азаматқа грант қаражаттарын ұсыну көзделіп отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» ашылады

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҮЙРЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі