13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҮЙРЕТІЛДІ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДЕ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ҮЙРЕТІЛДІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде «Тізе буынының эндопротезінің заманауи импланттары» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Онда буынының жаңа «XN» импланты таныстырылды. Бұл эндопротездің ерекшелігі – тізе буынының эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктері ескеріліп, жетілдірілген. Эндопротезді орнатуға арналған заманауи және жетілдірілген құрал. Мұның бәрі операция уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ МӘМС аясында қосалқы патологиялары бар, паркинсон ауруының ауыр түрімен ауыратын 63 жастағы пациенттің тізе буынын қазіргі заманғы имплантқа ауыстыру операциясы жүргізілді. М.Ғ.Д., Мәскеу қалалық РУДН кафедрасының профессоры Д.Римашевскийдің қатысуымен буынға жаңа «XN» имплантын орната отырып, артроздан зардап шеккен тізе буынын ауыстыру операциясы жүргізілді. Операция сәтті өтті.
Болашақта Түркістан облытық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі ірі буындардың жаңа импланттарын енгізуді және осы тәсілді кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.
Еске салсақ,өткен жылы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы республика бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы Елордада өткен «Дені сау ұлт» медициналық саммитінде белгілі болған-ды. Саммитке ҚР Үкіметінің мүшелері, еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері, бизнесмендер, Денсаулық сақтау саласының отандық және шетелдік сарапшылары қатысты. Іс-шарада «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттаудың дәстүрлі рәсімі өтті, онда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздің үздік медициналық ұйымдарына алтын мүсіншелерді табыс етті. Соның ішінде «Үздік көпбейінді облыстық аурухана» атағына Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасы лайықты деп танылды. Бұл өңірдің жетекші клиникасы, оның 27 — клиникалық бөлімшесі, 2 – анестезиология және реаниматология бөлімшесі, 5 — емхана, оның ішінде онкологиялық орталық және параклиникалық бөлімшелері бар. Емдеу мекемесі әсіресе білікті басшы бола білген, отандық медицинаға өлшеусіз еңбек сіңіріп, талай шәкірт тәрбиелеген Мұқан Егізбаевтың тұсында жан-жақты дами түсті. Клиникада Мұқан Кеңесбекұлынан кейін бас дәрігер болған шәкірті Марат Пашимовтың да өзіндік қолтаңбасы бар. Бүгінде кешенді аурухананы кәсіби хируруг Елдос Сұлтанов басқарады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ШЕҢБЕРІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ОТЫРАР: СПОРТ САЛАСЫНДА ЖЕТІСТІК ЖЕТЕРЛІК

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі