13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ГАЗ БАЛЛОНЫН ТҰТЫНАТЫН ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ГАЗ БАЛЛОНЫН ТҰТЫНАТЫН ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Тұрғын үйдегі газ баллондарын пайдалану ережелері және қауіпсіздік шаралары тақырыбында брифинг өтті.
Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті мемлекеттік өрт сөндіру басқармасының бастығы Асанғали Төлепбергеновтың айтуынша, жылу маусымы басталғалы облыс аумағында 2 газбен улану жағдайы тіркелген. Облыс аумағында жалпы 376 227 жеке тұрғын үй есепке алынған. Оның 172 290 қатты отынмен жылытылса, қалған 204 028-на табиғи газбен жылу беріледі.
«2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында облыстағы аудан, қала әкімдіктерінде құрылған тұрғын үй инспекциясы тарапынан көпқабатты және жеке үйлермен бюджеттік мекемелердегі мұржаларды тазалау, табиғи газ және қатты отынды пайдалану кезінде түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, көпқабатты үйлерге газ баллон қолданбау жөнінде және басқа да қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша тұрғындар мен мекеме қызметкерлері арасында үгіт-насихат жұмыстары бәсеңдеген емес. Осы орайда, 144 543 нысанды қамтып, 27 781 жеке үй егелері мен 45 әлеуметтік нысанға газды пайдалану барысында ескерту берілді», — деді Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өндірістік нысандарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы Бағлан Тасбулатов.
Сонымен қатар, мамандар облыс бойынша 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында халықтың қауіпсіздігін сақтау шаралары қатаң бақылауға алынғандығын атап өтті.
«Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талабына сәйкес, автогаз құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарды толтыруға жол берілмейді. Бұл талап бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Департамент тарапынан Түркістан облысы мен Түркістан қаласы аумағында автокөліктерге газ құю бекеттерін пайдаланып жатқан ұйымдар мен жеке кәсіпкерлерге өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша тоқсан сайын газ жүйелері объектілерін аралау жүргізіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жадынама таратылуда», — дейді ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бахыт Пернешов.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» ашылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі