13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ЖҮРГІЗІЛДІ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсының «Әңгімелесу» кезеңін өткізді. Ерекшелігі – конкурстың осы шешуші кезеңі фейсбук әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев білім ұяларының басшыларына, жалпы ұстаздарға маңызды жауапкершілік жүктелгенін, басшыларды тағайындау әділ жүргізілуі тиіс екенін айтты.

– Түркістан – демографиялық өсімі жоғары өңір. Оқушы саны да жыл сайын артып келеді. Облыста 900-ден аса мектеп, 1000-нан аса балабақша бар. Сондықтан білім саласы өкілдеріне, ұстаздар қауымына артылар жауапкершілік өте жоғары. Білім саласындағы азаматтар, ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген жауапкершілікті жүрекпен сезеді деп сенемін. Ұрпақ тәрбиесін сапалы жүргізіп, адам капиталын дамыту – өте маңызды жұмыс. Бұл ретте білім ұйымдарының басшыларын іріктеу әділ әрі ашық жүргізілуі тиіс. Бүгінгі конкурс барысы әлеуметтік желіде тікелей көрсетіліп жатыр. Комиссия құрамына да білікті азаматтар тартылды. Комиссия әрбір үміткерге терең талдау жүргізіп, біліктілігіне, парасаттылығына, адами болмысына әділ бағасын беруі тиіс. Үміткерлерге сәттілік тілеймін, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау заң талаптарына сай жүргізіліп жатыр. «Әңгімелесу» кезеңіне 53 үміткер қатысуда. Олар 35 мекемеге басшы болудан үмітті. Үміткерді бағалау ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар бағалау парағы қоса тіркеледі. Айта кетерлігі, талапқа сәйкес үміткерлер «Әңгімелесу» кезеңіне дейін конкурстың құжат тіркеу, тест, қамқоршылық кеңестен келісім алу кезеңдерінен өткен. Олардың арасында еңбек өтілі 30 жылдан асқан аса тәжірибелі ұстаздар бар.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 81 600 ГЕКТАР ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ГАЗ БАЛЛОНЫН ТҰТЫНАТЫН ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі