13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас ауданында «Сөз құдіретін терең таныған шешен» пікір сайыс ойыны өтті

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас ауданында «Сөз құдіретін терең таныған шешен» пікір сайыс ойыны өтті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Сөз құдіретін терең танып, өз рухымен ертеңге үлкен өнеге қалдырған шешен — Сырым Датұлы» деген Әбіш Кекілбаевтың сүбелі сөзін негізге ала отырып, бүгін Тастұмсық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен атақты шешен, ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Сырым Датұлының туғанына 300 жыл толуына орай «Сөз құдіретін терең таныған шешен» атты пікірсайысы болып өтті. Пікірсайыс үш тақырып бойынша өрбіді. Жас оқырмандар «Қыран» және «Сұңқар» топтары болып екіге бөлініп, ұтқыр оймен Сырым Датұлы жайлы өздері білетін мәліметтерді еркін жеткізе білді. Пікірсайыс барысында Тастұмсық ауылдық кітапхананың кітапханашысы Гүлазима Құлажанқызы «Өрлігімен ел қорғаған хас батыр» атты баяндама оқып, «Өмірі өнеге болған шешен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Орыс зиялыларының бірі, тарихшы Михаил Вяткин: «Тарих мынаны айқын көрсетеді. Ол – Сырымның өз халқына білдірген асқан сүйіспеншілігі, өз халқын сатқандармен ешқашан ымыраға келмейтіні, өз Отанының бостандығы үшін, оның мемлекеттігі нығайып, дамуы үшін жан аямай күрескені…. Қазақ халқы ұлт қамы үшін күрескен осы бір батырды ешқашан есінен шығармақ емес» деп жазған екен.Ал XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д.Ч.Бульжер ол туралы «….Сырым батыр – жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген» деп естелік қалдырған.Кіші жүз қазақтарының Сырымға дейін де, кейін де Ресейдің отарлау саясатына қарсылық көрсетіп, көтеріліске шығып отырғанын тарихтан білеміз. Өйткені Жайық казактары бұл жақта отарлау саясатын үнемі тізеге салып, озбырлықпен жүргізіп отырғандықтан, бойында қайраты бар ерлер ондайға шыдап отырмасы белгілі. Бірақ ондай көтерілістер өзара басбірлік жетіспей, шашыраңқы жүргендіктен нәтижесімен есте қалмағаны да аян. Міне, осы кезде тарихтың өзі Сырымды тудырды. Сырым Датұлының ұлт-азаттық көтерілістердің басындағы көсем ретінде аталуы оның тек қолына қару алып, қайратына мінген батыр ғана емес, кейде салқын ақылға жүгіндіріп, мәмілеге келе білген саясаткер әрі соңынан қалың қолды ерте алған қолбасшы, он төрт жыл бойы күрестен шаршамаған айбынды ер болғандығында. Батырдың ұлт үшін жасаған ерлігі мен еңбегі, өнегесі кейінгі ұрпақ үшін керек.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ОНКҮНДІГІ ӨТУДЕ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАНЫҢ ЖІГІТТЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі