Тең қоғам бөлімінің мақсаты- мүгедектерге психологиялық көмек көрсету, кәсіптік бағытта және жұмысқа орналасу бойынша қызмет түрлерін ұсыну, әлеуметтік қызметтер порталында өзіне қажетті құрал таңдауға көмектесу болып табылады. «Тең қоғам бөлімінде мүгедектерге арналған кітапхана, дойбы, шахмат инвентарлары және йога бөлмесі қарастырылуда. Мүгедектігі бар адамдармен кәсіпкерлік бағытта тренинг пен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарлануда.
Тең қоғам бөлімінде- мүгедектерге санаторлы курортты емделумен, инватакси және әлеуметтік такси қызметімен, құлағы кеміс еститін мүгедектерге ымдау тілі маманымен, мүгедек балаларға күндізгі қатынау бөлімшесі мен оңалту орталықтарымен қызмет көрсетеді.
2023 жылға І және ІІ топтағы мүгедектерге 4 инватакси қызмет көрсетеді, ІІ топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді.
Санаторлы курортты емделумен 856 мүгедекке қаржы қарастырылып шипажаймен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Санаторлы курортты емделуге мүгедектер өздерінің электронды цифрлы қолтанбасы(ЭЦҚ) арқылы әлемуеттік қызметтер порталынан шипажай түрін таңдап, бара алады.
Құлағы кеміс еститін мүгедектерге 54 мүгедектігі бар адамдарға 5 ымдау тілі маманы қызмет көрсетеді. Күндіз қатынау бөлімшесіне 54 мүгедектігі бар балалаларға қаржы қарастырылып, «AISHA MEDICAL» ЖСШ келісім шарт түзіліп, қызмет көрсету жоспарлануда.
Тағы бір ақпар. Елімізде ақыл-ойы дұрыс дамығанымен жүріп-тұруы қиын мыңдаған балалар бар. Өңірде тап осындай тағдыр тауқыметін тартып жүрген ғаріп жандарға арналған арнайы оқу орны жұмыс істейді. Ол – Кеньау қаласындағы “Арнаулы кәсіптік колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұл колледждің басқа білім беру ұйымдарынан бір ерекшелігі – білім, әлеуметтік сала және медицина саласы қатар қамтылған. Яғни мүгедектігі бар жандар осында денсаулығын нығайта жүріп кәсіби білім ала алады. Аталған мекемеге жыл сайын жасы 15-тен жоғары ІІ–ІІІ топ мүгедектігі бар балалар қабылданады. Оған өзге біреудің көмегінсіз жүре алатын І топтағы балаларды да қабылдауға мүмкіндік бар. Ескертетін жәйт – бұл жерде жасы 27-ге дейінгі, тіпті ерлі-зайыпты мүгедектігі бар азаматтар да білім алады. Ал бала-шағалары барлар қаладан қатынап оқи алады.