13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ 4 ЖАСАР МАТЕМАТИК АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

26 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ 4 ЖАСАР МАТЕМАТИК АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбай түрлі сайыстар мен жобалардың үздігі атанған дарынды оқушылар мен әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге танылып үлгерген 4 жасар математик Ислам Қанатбекұлын қабылдады.
Шардаралық жас математик әлеуметтік желіде есепке жүйрік қасиетімен көпшілікті таңдай қақтырған болатын. Қазнетте тараған видео 1 күн ішінде миллиондаған қаралым жинап, жас балаға жұрттың ықыласы ауды. Ол ондықтар мен мыңдықтарды еркін алып-қоса алады. Тіпті көбейту мен бөлу амалдарын да меңгеріп алған. Егізқұм ауылының кіп-кіштентай тұрғыны қарапайым отбасында дүниеге келген. Көпбалалы жанұяның кенжесі. Анасының айтуынша, есепке деген қызығушылығы 3 жасында байқалған. Тіпті тілі дұрыс шықпай тұрып-ақ санауды үйренген. Оның өзге бауырлары да оқуда озат екен. Ата-анасы бұл қасиет қаннан келген деп топшалайды.

— Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Соның бір дәйегі — біздің 4 жасар бүлдіршініміз Ислам Қанатбекұлы әлеуметтік желіде дүйім елді өзіне қаратып, ауданымыздың атын асқақтатып жатыр. Осындай дарын иесін әлеуметтік желіге жүктеп, кішкене ғана Исламды елге танытып жатқан біздің Шадияр мен Мейіржанға да рахмет айтамыз, — деді Қ. Жолдыбай.

Одан бөлек, аудан әкімі жас дарынды оқушылардың «El umiti» бастамасын іске асыру аясында елімізде талантты жастарды қолдауға бағытталған жоба туралы да пікірін білдірді.

– «Балалар жылы» аясында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Turkistan TV» телеарнасының ұйымдастыруымен өткізілген «Күлтегін» зияткерлік ойынына қатысып, үлкен марапаттарға ие болды. Жаны таза, пейілі ақ өздеріңдей талантты жастардың ауданымызда өсіп келе жатқаны біздің көңілімізге қуаныш сыйлайды, — деді Қ.Жолдыбай.

Жиын соңында аудан әкімі оқушыларға ризашылығын жеткізіп, өз атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» БӨЛІМІ АШЫЛДЫ

Next Post

Шымкентте үстел теннисі орталығы ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі