13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 75 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ «АЛТЫН ФОРМУЛЯР» ИЕГЕРІ АТАНДЫ

26 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 75 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ «АЛТЫН ФОРМУЛЯР» ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында 2022 жылғы «Әдеби финал» семинары қорытындыланды. Облыстық деңгейдегі шараға аудандық, өңірлік кітапхана басшылары мен қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапхана үздіктері мен «Алтын формуляр» иегері, оқырмандар арасынан үздіктер анықталып, түрлі номинация бойынша марапаттар тапсырылды.

Атап айтсақ, «Әдеби финал» семинарының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 100 кітап оқып, көптің ішінен оза шыққан Өтеген Ысқақұлы қария 2022 жылдың «Алтын формуляр» иегері атанды. Түркістан қа­ла­­сының тұрғыны Өте­ген қа­рия 40 жыл теміржол саласында жұ­мыс істеген. Зайыбы екеуі 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде сол пер­зент­терінен не­мере-шөбере сүйіп отыр­ған бақытты ата мен әже. Сонымен қатар «Үздік оқырман отбасы» номинациясына — 2-сынып оқушысы Бекнұр Нұржанұлы, «Кітапхананың тұрақты үздік оқырманы» номинациясына — Шерхан Саматұлы, «Ерекше мүмкіндікке ие оқырман» номинациясына Қымбат Советханқызы ие болды. Барлық жеңімпазды аталмыш кітапхана директоры Жанат Шардарбекова арнайы құттықтап, оларға статуэтка және қаржылай сыйлық табыс етті. Кеш соңында барлық кітапхана директорының қатысуымен «Директор BATTLE» сергіту ойыны өтті.

Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасы оқырмандарға 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебіне, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын киелі ордаға айналып үлгерген облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова өткен жылы «Жыл кітапханашысы – 2022» атағымен марапатталған.Еліміз бойынша 20 мыңға жуық кітапханашының арасынан жылына тек біреуіне ғана берілетін мәртебені «Қа­зақ­стандық Кітапханалық Одақ» ЗТБ төрағасы Бақытжамал Оспа­­нова тапсырды. «Жыл са­йын Одақтың кезекті отыры­сы ұйымдастырылып, түрлі мә­селелер талқыланады. Биыл­ғы жиында «Мәдениет туралы» заң­ның 24-бабы – кітапхана ісі бойын­ша өзгеріс енгізу туралы қарас­ты­рылып, кітапханашы­лар өз ұсы­ныстарын білдірді. Әрі қарай заң жо­басы Парламент­ке ұсынылатын бо­лады. Ал атал­ған номинацияға лайық­ты болу үлкен жауапкерші­лік, се­нім артылғанын да білдіреді. Бұл – Түркістан облысындағы 395 кі­тапхананың бірлесе атқарған ең­бе­гінің нәтижесі», дейді Жанат Сә­ді­бекқызы. Сондай-ақ Ақтөбе об­­лы­сының мәдениет, архивтер және құжаттама басқар­масы мен Ақ­төбе облыстық зағиптар және нашар көретін аза­маттардың арнаулы кітап­ханасының ұйымдастыруымен өткен «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясындағы «Кеңістік­те бағдарлау» республикалық бай­­қауының қоры­тын­дысы бо­йынша Түркістан облыс­тық «Фараб» әмбебап ғылыми кі­тап­ханасы III орынға ие болып, арнайы дипломмен мара­патталды. Екі ай көлемінде зағип, көзі нашар көретін бала­лар­ға арналған так­тильді кітап­тарды кітапхана қыз­мет­кер­лері Алия Жұмабек пен Дана Бай­дәу­летова, Айнұр Сұлтанбекова өз қолымен тіккен болатын.
Осы арада айта кетелік, осыған дейін кітапхана қыз­мет­кер­лері осы күнге дейін ең көп кітап оқыған үш оқыр­ман­ды анықтаған-ды. Кітапхана қыз­­меткерлері бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып 2022 жылдың «Алтын формуляр» иесін арнайы марапатқа ұсын­ған болатын. Кітапхана директоры Жа­нат Шардарбекова формулярда оқырманның кітапхана­дан алған кітап­тары жазылатынын, сондықтан жыл соңына дейін «Алтын формуляр» иесі атанып, сый-сияпатқа ие болуға әркімнің-ақ таласы барын айтқан-ды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, алдағы уақытта ең көп кітап оқитындар қа­тары өзгеріп, ұлғая түсері анық.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ЖЕТІСАЙДА ЖҮГЕРІ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛУҒА НИЕТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» БӨЛІМІ АШЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі