Мемлекет басшысы Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» мақаласында «…жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеуге бағытталған нақты шаралар жоспарын ұсынуға тиіс» делінген. Осы мақсатта Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Жас толқын-2023» жас эстрада әншілері мен іс- шара жүргізушілерді байқауы өтті. Байқаудың мақсаты эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, оны халыққа насихаттау, жас талант иелерін анықтау, оларға қолдау көрсету болып табылады. Мемлекеттік Рәміздер Ел Туы, Елтаңба, Әнұранды қастерлеу. Ел Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» мақаласын жүзеге асыруда жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән өнерін дамыту, жас таланттарды таныту.Байқауға жалпы 9 үміткер қатысты.Сайыс қорытындысы бойынша ән жанрынан Жұмаділ Ақнұрға және іс- шара жүргізушілерден Түрікмен Бахрамбекке аудандық «Арай- 2023» жас эстрада әншілерінің байқауына қатысу үшін жолдама берілді. Барлық қатысушыларға дипломдар табыс етілді.
Еске салсақ, 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан облыс көлемінде өткен байқау 2022 жылы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы, «Түркістан-Түркі елдерінің мәдени астанасы» атануына, композитор Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған-ды. Байқауға 29 үміткер өтініш білдіріп, оның 20 үміткері іріктеуден өткен еді. Аймақтық байқауға 14 пен 21 жас аралығындағы әнші, мәдени іс-шара жүргізушілері бақ сынасқан. Олардың арасында Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандары мен Кентау қаласынан қатысқан үміткерлер де болды. Байқауға қатысушы әншілер мен мәдени іс-шаралар жүргізушілерді дайындаған мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұ.Шілдебаева, әнші Ә.Түйтеева, бөлім меңгерушісі М.Үртбекова.
Болашақ сахна саңлақтары сынға түскен сайыста әншілер жанды дауыста патриоттық әнді І кезеңде орындаса, келесі кезеңде «Түркістан» тақырыбындағы әндерді орындауы шарт болған. Ал, жүргізушілер үшін өлең, әңгіме, драмалық яғни кез келген көркем шығармадан үзінді оқу талабы бірінші кезеңге қойылса, кез келген тақырыпта мәдени іс шараны дайындап жүргізу яғни әдеби-сазды кеш, байқау, концерт, дөңгелек үстел сынды шаралармен қоса қосымша «импровизациялық» аудиториямен жұмыс және әділ-қазылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берулері тиіс болды. Кілең «Сен тұр, мен атайын» дейтін өнерлі жастарға төрелігін танытып, қазылық жасаған әділқазы құрамында ҚР-ның Мәдениет майталманы, «Ақжайық» музыка мектебінің директоры, қазылар алқасының төрағасы Айсынов Сырым Бәденұлы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы, өнер магистрі, Халықаралық көркем өнерпаздар одағының мүшесі Ибраева Асылзат Өтжанқызы, «Ақжайық» музыка мектебінің Вокал және Хор пәні мұғалімі Низамов Исамиддин Ғафурович болды.
«Дарынды жастардың өнерін шыңдау мен тасада қалған таланаттардың шығармашылық қабілеттерін арттыруды көздеген байқау жылда өзіндік орнын жоғалтпай үміткерлерді зор ізденіспен шақыра бермек…» осылай сөз алған Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Шәмет Лиза Төлегенқызы барлық қатысушыларға, қазылар алқасының құрамына алғыс айтып, жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтаған болатын. Байқауға бабын сынай келіп, бағы жанғандар мен үміткерлердің жетекшілері ұйымдастырушыларға риясыз рақметтерін жаудырған-ды.