13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АҒЫБЕТ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

25 января, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: АҒЫБЕТ АУЫЛЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Ағыбет ауылынан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмысын бақылады. Аталған спорт кешенін аралап, нысанның құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Құрылыстың сапасына мән беруді ескертіп, наурыз айына дейін толық бітіруді, жауапты бөлімдерге бақылауға алуды тапсырды.
Спорт кешенінің аумағы – 0,60 га. Жобаға сәйкес нысанда бір ауысымда 20 оқушы жаттығады. Жаттықтырушы залы, киім ауыстыру мен жуынатын және медпункт, құрал-жабдықтар сақтайтын бөлмелері қарастырылған. Тұрақты жұмысқа 4 адам қамтылатын болады.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы мен бір бөлмесін пайдаланып жатқан ағыбеттік 100-ден аса жасөспірім осы жылы жаңадан іске қосылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттың бірнеше түрінен шынығып, шыңдалатын болады.

Ағыбет ауылының тұрғындары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан спорт кешені салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді.

Айта өтсек, бүгінде ауданда бәйдібектіктердің өтініштері мен ұсыныстарын орындау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, Жамбыл елді мекеніндегі 6 көшеге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қажетті қаржы бөлініп, биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Бәйдібек ата елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені және «Орталық саябақ» нысандарының құрылыс жұмыстары басталды. Нысандар 2023 өтпелі. Биыл Бәйдібек ауданы, Жолғабас елді мекеніндегі 8 сыныптық мектептің қосымша құрылысына және Ағыбет елді мекеніндегі Есіркеп батыр мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бағытталған. Шаян және Ақжар елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіледі.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Жас толқын-2023» жас эстрада әншілері мен жүргізушілер байқауы өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР 236 АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі