13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЗАМАНАУИ ЖАБЫҚ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЗАМАНАУИ ЖАБЫҚ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында заманауи үлгідегі «Арсенал» жабық футбол алаңы ашылды.
Кіші футболға арналған алаңды ағайынды кәсіпкерлер әрі ауыл тұрғындары өз қаржыларына салған. Жасанды алаң жабық ғимаратта орналасқандықтан кез келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Онда футболшыларға барлық жағдай жасалған. Киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер бар.
Ағайынды кәсіпкерлер Нұркен және Олжас Өсербаевтар ауылдағы жабық футбол алаңдарының көбеюі — бұқаралық спортты дамытуға, соның ішінде аудан көлемінде кіші футболдың қарыштап дамуына өз септігін тигізіп жатқандығын жеткізді.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда «Қазығұрт» футбол командасы республикалық турнирлерде топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Еске салсақ, өткен жылы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында 2 жабық кіші футбол алаңшасы өз жұмысын бастаған еді. Алаңды ауыл азаматы, кәсіпкер Тұяқбаев Бақберген өз қаржысына салған.

Айта кетсек, Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады. Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлшегі екенін жиі айтатын өңір басшысының тапсырмасымен Түркістанда «Мұз сарайының» құрылысы жүріп жатыр. Әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Жаңа нысан жыл соңында ашылады. Мұз сарайының жалпы жер аумағы 2 гектарға жуық. Ғимарат құрылысының көлемі – 4160,9 шаршы метр. Нысанның құрылысы келер жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарланған. Бұл ғимаратта қысқы спорт түрлері дамытылып, үйірмелер ашылады. Жақын уақытта мұз айдынына керекті құрал-жабдықтар сатып алынады. Түркістан қаласында сондай-ақ «Теннис орталығы», Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасы, Б.Саттарханов спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа спорт нысандары ашылады. 35 гектар жерде орналасқан ат спорты кешенінде поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы болады.

20 гектар жерде орналасқан «TURAN» футбол академиясының құрылысы қарқынды. Мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарындағыдай жағдай жасалмақ. Жаңа кешенде үлкен және шағын 10 футбол алаңы болады. Сондай-ақ нысанда допинг-бақылау кабинеттері, 300 орынды қонақүй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, мәжіліс залдары бар. Сауықтыру орнында медициналық, массаж кабинеттері мен жеке блоктар бар. Елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына да су келді. Облыс орталығындағы спорт кешенінің құрылысы халықаралық талаптарға сай жүргізілуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАНЫҢ ЖІГІТТЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 81 600 ГЕКТАР ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі