13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ ШЕТЕЛДІК КӨЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

23 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ ШЕТЕЛДІК КӨЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік рәсімделді.
Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев 2021 жылы Ресейден әкелген «Нексия» автокөлігін 2 сағат ішінде толық тексертуден өткізіп, қазақстандық есепке қойды. Көлік жүргізушісі Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына өз алғысын білдірді.

Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап елімізде ҚР ІІМ-ң тапсырмасына сәйкес шетелдік көліктерді заңдастырудың бір реттік акциясы басталды. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев облыс орталығындағы Халыққа қызмет көрсету орталығын аралап, ондағы қызметкерлердің дайындығын тексеріп шықты. Сонымен қатар, шетелдік көлікті заңдастыру үшін келген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша шетелдік автокөліктер Түркістан қаласы, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімделеді.
Аталған бір реттік акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге мемлекеттік төлем жасауы қажет. Содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын орталық қызметкеріне тапсырады. Тіркеу аяқталғаннан кейін автомобиль иесіне Қазақстан Республикасының тіркеу құжаты және мемлекеттік нөмірі беріледі.
2023 жылдың 23 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ел аумағына әкелінген шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталады.Заңдастыру үшін автокөлікті есептен шығару қажет. Көлікті есептен шығарғаннан кейін ғана Қазақстанда тіркеуге қоюға болады. Ел ішіндегі автокөліктерді сатып алған кезде де сатып алушы оны тіркеуден шығарып, өз атына тіркеуге қояды.

Айта кету керек, автокөліктердің басқа елдегі тіркеуден шығуы өте маңызды. Өйткені басқа елде тұрған көлікте әртүрлі шектеулер болуы мүмкін. Егер оны шетелдік тіркеуден шығармай, Қазақстанда тіркеуге қойса, құқықтық мәселелер туындауы ықтимал. Көліктің тіркеуде тұрғаны не болмаса тіркеуден шыққаны туралы ақпаратты білу үшін Қазақстан азаматтарына көлік тіркеуде тұрған елге барудың қажеті жоқ. Көп жағдайда сатушылар үшін көліктің өз атында тұруы тиімсіз. Себебі сатылып кеткен автокөлік өз атында тіркеуде тұратын болса, ол кісілер салық төлеуге мәжбүр болады. Осыған байланысты, әдетте, бұрынғы иелері автомобиль сатылғаннан кейін өзі өтініш беріп, көлікті есептен шығарады.Көлікті тіркеуден шығу фактілерін қашықтықтан тексеруге техникалық мүмкіндіктер бар. Кей жағдайда көлікті тіркеуден шығару үшін арнайы сұрау жіберуге де болады.

Қазақстанда Армениядан әкелінген автокөліктер уақытша тіркеуге алынған. ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қазір Ішкі істер мирнистрлігі бұл көліктерді Армениядағы тіркеуінен шығару туралы жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл көліктерді заңдастыруға қатысты барлық мәселе шешіледі.

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы Автоцонға жеке жүгіну арқылы беруге болады. Автоцондарда арнайы секторлар ұйымдастырылады. Олар тек автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайды. Сондай-ақ, сол жерде Әкімшілік полиция қызметкері болады. Олар заңдастырудан өту тәртібін түсіндіріп береді.Сонымен қатар Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері де сол жерде болады. Олар қажет болған жағдайда кедендік төлемдерді төлеудің тәртібін түсіндіреді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЙДАРМАН КТК САЙЫСЫНЫҢ 1/8 ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКА ОНКҮНДІГІ ӨТУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі