13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

21 января, 2023
in Жаңалықтар
0
«ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің курс тыңдаушысы, ауданымыздың тәжік этносының өкілі Азатбекова Зулхумор Аманбайқызы білікті жас маман, ауданымыздың тіл жанашыры ретінде көптеген іс-шаралар мен облыстық деңгейдегі байқаулардың жүлдегері. Азатбекова Зулхумор Аманбайқызы 2000 жылы 30 наурызда Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ералиев ауылдық округіне қарасты С.Сейфуллин ауылында дүниеге келген. Әкесі Қудратов Аманбай жеке кәсіпкер, анасы Қудратова Тамара үй бикесі. Ата-анасы балаларына сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болыңдар деп, әсіресе, «Түп қазығың — Отаның, ар — намысың — тілің, кәусар бұлағың – ұстазың», деген сөздерді саналарына құйып, тәрбиелеген. Азатбекова Зулхумор 2006 жылы С.Сейфуллин ауылындағы №52 жалпы орта мектебінің табалдырығын аттап, мектепте үздік оқушылардың қатарында болған.

2015-2019 жылдары Жетісай қаласындағы «Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде» ағылшын пәні бойынша білім алған. 2019-2022 жылдары Шымкент университетінде білімін толықтырған. 2019 жылы «С.Сейфуллин» атындағы жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. Бүгінгі таңда «Ақбөкен» балабақшасында өскелең жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп жүрген жас маман. Өзінің алғырлығымен, білімімен талай көзге түсіп жүрген Азатбекова Зулхумор 2018 жылы «Мен қазақша сөйлеймін» тақырыбында өткен республикалық акцияға қатысып алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, аудандық «Күз аруы-2019» байқауында жүлделі II орынмен, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Абай оқулары» эстафетасында I орын, «Тіл мерейі» аудандық байқауында белсене қатысып алғыс хатпен, «Мен қазақша сөйлеймін» акциясында жүлделі I орынмен, «Алғыс айту» күніне орай мемлекеттік тілді меңгерген өзге этностарлың қатысуымен өткен «Тілге құрмет-елге құрмет» облыстық байқауына қатысып жоғары деңгейде біліктік көрсеткені үшін III орынмен марапатталған.

Азатбекова Зулхумор өз мамандығының кәсіби шебері. Ол – тәрбиеші ретінде ата — аналардың көңілінен шығып, балаларға дұрыс бағыт бағдар берсем — бұл менің өмірімнің ең шынайы, әрі ғажайып мәні, мен келешек ұрпақтың сәулетшісімін, мұны мақтаныш сезіммен айта аламын, — дейді. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. Осындай білімді, білікті жастар еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін өз үлестерін қосып, аянбай еңбек ететініне сеніміміз мол.

Previous Post

Кентаулық спортшы «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алды

Next Post

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі