13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

21 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: АУДАН ЖАСТАРЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мәжіліс залында аудан жастарымен кездесіп, қаржылық сауаттылықты арттыру дәрістерін өткізді.

Кездесуде жастарға жеке бюджетті бақылау, карталарды қорғау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтарымен, «Ақылды сауда» қағидаты, қаржы пирамидасы мен оның зардаптары, алдын-алу шаралары түсіндірілді.

Алаяқтардың жұмысын кеңінен жүргізіп, құрығына ілінетін адамдардың санын көбейтуіне ғаламторы дамыған қазіргі уақыт үлкен септігін тигізіп отыр. Қаржылық пирамиданы жүргізушілер телефонға телмірген аңғал елді түрлі тәсілдермен алдап, үйде отырып-ақ үлкен табысқа кенелуге болатынын айтып сендіреді. Табысынан айырылған немесе табысын тиімді жұмсай алмайтын азаматтар оңай олжаға кенелуді жөн санап өзінің маңдай терімен тапқанын, жетпесе қарыз немесе пайыздық үстеме ақша, тым болмағанда несие алып алаяқтардың қолына тапсырады. Онысымен қоймай өзінің артынан ертегіге сенгіш өзі секілді бірнеше адамды алып келеді. Міне, осындай жолмен салымшылар қатарын қалыңдатқан қарапайым жұрт алаяқтардың ауызын ақшаға толтырып келеді. Айтылған мерзімде уәде етілген жұмақ мекен де, қап-қап қаражат та көзден бұл-бұл ұшқан соң алданғанын білген салымшы құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып, табанынан таусылады. Жапа шегушілер тарапынан жазылған арыздардың ешбірі қараусыз қалдырылмайды, аталған қаржылық пирамидалар ІІМ-нің жүйесіндегі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашуға ең тәжірибелі деген білікті мамандардың тергеп-тексеруімен әшкереленеді. Әйтсе де, құзырлы органдар пирамидаларды жүргізушілердің қылмысын дәлелдегенімен қанша адам ақшасынан айырылып, зардап шегіп үлгереді. Міне, осылайша қарапайым ғаламтор да қылмыскерлердің арам пиғылын жүзеге асыруға өз септігін тигізіп отыр.

Қаржылық пирамидаларға қарсы құзырлы органдар тарапынан қыруар жұмыстар жүргізіліп жатса да алаяқтардың арбауына түсіп, «ауызы күйгендердің» саны азаяр емес. Қаржы пирамидасының салқынына бетпе-бет келген біраз отандастарымыз, ағайын-туыс, жора-жолдастарымыз бармақ тістеп, сан соғып қалса, енді біреулері өз-өзіне қол жұмсау әрекеттеріне де барып жатыр.

Жүздесу барысында осындай оңай олжа мен «батпан құйрық» компаниялардан бойларын аулақ ұстауға шақырған Гүлзия Қарсыбай жастарды өзімен қоса өзгелердің де қалтасын қағып «қарғысын» арқаламай, адал мен арамның аражігін ажырата білу қажеттігін ескертті.

Previous Post

«ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

Next Post

ТҮРКІСТАННЫҢ ДЕНДРОСАЯБАҒЫНДА ЖАСАНДЫ КӨЛ ПАЙДА БОЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі