13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулық спортшы «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алды

21 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Кентаулық спортшы «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының балалар футбол лигасы өз мәресіне жетті. Екі айға созылған жарыс қызыққа толы ойындармен тәнті етті. Жасөспірімдер әр ойында бар күштерін салып лиганың қызығушылығын арттырды. Облысымыздың шалғай аймақтарын қамтитын жобаға биыл 12-ден астам команда қатысып, футболға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Турнирде жас футболшылар тартысқа толы ойын мен жеңіске деген жігер көрсетті. Әр ойын тартысқа толы соңғы турға дейін интрига болып, соңғы турда 3 орынға талас та тартысты болды.

Айта кетейік, қаламыздың намысын қорғап қатысқан Кентау қаласының құрама командасы жасыл алаңда қарсыластарынан суырылып шығып аталған футбол додасында ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар турнирдің «Үздік қақпашы» номинациясын Кентау қаласының спортшысы Пернебай Ағжан иеленді.
Қосымша ақпар, бүгінде облыста 4647 спорт ғимараты тіркелген. Түркістан қаласында жаңа халықаралық теннис орталығы пайдалануға берілді. Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық спорт мектебінің спорт кешенін қайта құру және 320 көрерменге арналған қосымша ғимарат салу құрылысы жүргізілуде. Ескек есу каналы мен мұз сарайының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ облыс аумағында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сауран, Мақтаарал, Төлеби, Бәйдібек, Жетісай және Сайрам аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр.
Алдағы жылы спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар санын 42,0 %-ға жеткізу көзделген. Халық арасында бұқаралық спортты дамытып, спорт кешендерін ашу мәселесі де жоспарланған.
2023 жылы Қытай елінде өтетін жазғы Азия Ойындары мен 2024 жылы Францияда өтетін жазғы Олимпиада Ойындарына облыс спортшылары спорттың бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін және әйелдер күресі, есу спорт түрлері, ауыр атлетика, таеквандо спортынан жолдама алады деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда 13 үміткер-спортшы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ!

Next Post

«ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ»: ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі