13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ!

21 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ!
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп -лицейінің кітапханашылары және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сатымбековв Г. ұйымдастыруымен қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның мол мұрасын насихаттау мақсатында, «Шерхан Мұртаза жұлдыз тағдырлы жазушыға- 90жыл» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс -шараға мектептің 7-8 сынып оқушылары жазушының шығармалары мен прозаларына кеңінен тоқталып, өз ойларымен бөлісті.Шерағаңа арнап шығарған арнау өлеңдерін тебірене оқып берді.Іс шара барысында мектеп директоры Сағындықов Нұрғали Амангелдіұлы Шерхан Мұртазаның жұртшылық халықтың қаламгері.Оның шығармашылығы ұлт тағдырымен болашағының ғұмырнамасының айнасы,ой марқайтар жазушы екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, мектеп кітапханашылары арнайы дайындалған кітап көрмесіне тоқталып, тағлымы мол қаламгердің шығармаларына библиографиялық шолу өткізді.
Қазақтың қабырғалы қаламгері, қаламы қарымды журналисі, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына тоқсан жыл толды. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ аулында дүниеге келген.
Шерхан Мұртаза – халық қалаулысы ретінде әлденеше ел сенімін жүктеп, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (1990-1993), ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болды. 1995 жылдан жеке шығармашылықпен айналысты. 1996 жылдан «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері болды.
Қажымас, қайраткер қаламгер Шерхан Мұртазаның еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған. 1978 жылы «Қара Алқа» романы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Қазақ КСР ЛКЖО (Жастар одағы) және Бүкілодақтық ЛКЖО сыйлығының, тәуелсіз Қазақстанның «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері. Шерхан Мұртаза ҚазКСР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер, Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Халық ақыны, өзге де мәртебелі атақтар мен дәрежелердің иегері болды.
Қаршадайынан шығармашылыққа әуестене келе, жазушылыққа біржола бет бұрады. Алғашқы шығармалар жинағы 1958 жылы «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көреді. Жазушының шығармашылығында өзі көрген бастан өткерген өмір кезеңдері көрініс тапқан. Атап айтқанда «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан» туындыларында өз дәуірінің перзент тұлғаларының, қарапайым еңбек адамдарының еңселі тұлғасын, жасампаз еңбегін арқау ете отырып, оқырмандарына ұсынды. Әсіресе, соғыс пен одан кейінгі ел өмірінің боямасыз қалпы «Белгісіз солдаттың баласы», «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Интернат наны», «Ахметжанның анты» туындыларында алуан түрлі қиыншылықтарды бастан өткерсе де қажымай-талмай, адамгершіліктен айнымаған жандардың еселі еңбегі жазушы қаламына арқау болған.
Қат-қабат қарбалас шаруасы мол журналистиканың қазанында қайнап, басқарушылық қызметте жүріп қаламынан көркем әдеби шығармалар тудырған Шерхан Мұртазаның ұлттың руханият қазынасына қосқан үлесі де зор. Шерхан Мұртаза өз туындыларын проза және драматургия жанрларында жазды. Жазушының кесек туындыларының бірі – «Қызыл жебе». Мәскеудегі Коминтерн (коммунистік интернациональ) өкілі ретінде жолдамамен Монғолияға барып, сол мемлекеттің астанасына Ұланбатыр деп ат берген, қысқа ғұмырында ұлты үшін үлкен істер тындырған көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызмет жолы туралы роман-трилогия 1980-1984 жылдар арасында жазылды.
Драматургия саласында Шерхан Мұртаза 1987 жылы «Қызыл жебе» (Қалихан Ысқақовпен бірге), 1988 жылы «Сталинге хат», 1989 жылы «Бесеудің хаты» пьесалары сахналанды.

Previous Post

КЕЛЕС: АУДАН ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША АРХИТЕКТОРЛАРМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

Кентаулық спортшы «Үздік қақпашы» номинациясын жеңіп алды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі