13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: АУДАН ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША АРХИТЕКТОРЛАРМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: АУДАН ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША АРХИТЕКТОРЛАРМЕН КЕҢЕС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы 2018 жылы дербес аудан болып құрылып, орталығы Абай ауылы болып белгілен еді. Өткен төрт жылдың ішінде аудан орталығындағы инфрақұрылым жүйелері жаңартылып, аумағы кеңейді. Ендігі кезекте Абай ауылын жаңа қасбетке кіргізу бағытында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев кешенді жоспарлар түзіп, кәсіби архитекторлармен кеңес өткізді. Нақтырақ айтсақ, аудан басшысының шақыртуымен Түркістан облысы сәулетшілер одағының төрағасы Еркін Жүсіпов және «Сәулеттік бюро» КМ-нің директоры орынбасары Нұрбол Мұсаев Келес ауданына келіп, аудан орталығының даму жоспарымен танысып, жоспарды жетілдіру бағытында ұсыныстарын айтып өтті.
— Ең алдымен аудан орталығын дамытуды қолға алуымыз қажет. Ол үшін арнайы өздеріңізбен кеңесіп, ұсыныс пікірлеріңізді тыңдауды жөн көрдік. Биыл құрылғанымызға бес жыл толады. Ал еңбекқор келестіктердің бос уақытында бой жазып, еркін демалатын аймақтар ауданымызда жоқтың қасы. Табиғат сыйлаған мүмкіндіктерімізді кеңінен пайдаланып, барынша аудан орталығымен оған іргелес жатқан елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарын жасауымыз керек, — деген Жәнібек Есенұлы кәсіби мамандардың пікірін тыңдады.
Өз кезегінде Еркін Жүсіпов пен Нұрбол Мұсаев аудан орталығының бас жоспарын көзден кешіріп, жаңа даму қарқынын Абай ауылының шығыс беткейін бастау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Келес өзенінен бастау алатын Ошақты каналының айналасын абаттандыру бағытында өз ұсыныстарын жеткізді. Нәтижесінде аудан орталығының бас жоспарын жасаған мекеме мамандары арқылы қажетті шаралар атқарылуы бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы мен Абай ауылының әкіміне тапсырмалар жүктелді. Алдағы уақытта бұл жұмыстардың нәтижесі де жарияланатын болады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР СПОРТ САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Next Post

ТҮЛКІБАС: ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі