13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР СПОРТ САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР СПОРТ САҢЛАҒЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Төлеби ауданына грек-рим күресінен тұңғыш қазақ Олимпиада чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері және Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтың ұлдары, туған-туыстары, достары арнайы келді.

Халықаралық спорт шебері, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіров спорттағы мансабын аяқтаған соң, ол белсенді түрде қоғамдық жұмыстарға ден қойып, кәсіпкерлікпен шұғылданады. Жеке шаруашылығын ашып, кәсібін табысты жүргізе білді. 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Қазақтың даңқты спортшысы 2017 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алып, «Құрмет» орденімен марапатталды. Әйгілі балуан 69 жасында дүниеден озды.

Жақсының өзі кетсе де, өмірлік қолтаңбасы сақталып, аудандағы жекеменшік спорт кешеніне есімі берілді. Спорт жанашыры Мәди Нәбиев орталық саябақ аумағынан жеке қаражатына, ауданның 90 жылдық мерей тойына орайластырып елге «ЖАҚСЫЛЫҚ СПОРТ КЕШЕНІН» тарту етті.

Ауданға арнайы келген қонақтар «Төле би баба» саябағына барып, бабалар рухына , ескерткіш жанында суретке түсіп, «Жақсылық» атындағы спорт кешенінде самбо және дзюдо күрестеріне жаттығып жүрген балалардың өнерін тамашалады. Кейіннен аудандық Мәдениет үйінде қазақ балуанын еске алу жиыны өтіп, жасөспірімдер, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға өзіндік үлес қосып жүрген Мәди Нәбиев, аудан әкімі Төлеген Телғараев, ардагер ұстаз Сейітхан Ақтаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Аудан жұртшылығы атынан қонақтарға шапан жабылып, Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі табыс етілді.

2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы «Жақсылық» көркем фильмі түсірілді. Үшкемпіровтің жасөспірім және бозбала шағын Эльнар Назаркул мен Сануржан Сүлейменов, ал 60 жастағы кезін Досжан Жанботаев ойнады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛАДЫ

Next Post

КЕЛЕС: АУДАН ОРТАЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША АРХИТЕКТОРЛАРМЕН КЕҢЕС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі