13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапынан «Шолаққорған ауылының мекеме қызметкерлері арасындағы футзалдан әуесқойлар лигасы» ұйымдастырылған болатын. Екі ай бойы орталық сауықтыру кешенінде жарыс көрігін қыздырған қызметкерлер арасындағы лига өз мәресіне жетті.

Аталған жарысты Созақ ауданының әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов қортындылап, жүлделі орын алған командалар мен үздік деп танылған ойыншыларға аудан әкімінің арнайы дипломы мен кубок, медалін табыс етті.

Лига ойындарына жалпы он алты команда қатысты. Тартысты спорттық дода қортындысы бойынша Созақ ауданы полиция бөлімінің «Қайсар» командасы бірінші орын, «Қайсар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің командасы екінші орынды иеленсе, Созақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің «Құтқарушы» командасы үшінші орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, жарыстың «Үздік ойыншысы» номинациясымен «Қайсар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі командасының ойыншысы Мұқанбет Қанатұлы жеңіп алды.
Ал «Үздік қорғаушы» номинациясымен Созақ ауданы полиция бөлімінің «Қайсар» командасының ойыншысы Қалижан Бейсенбекұлы марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік қақпашы» номинациясы Созақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің «Құтқарушы» командасының қақпашысы Бейбіт Бекенұлына бұйырды.

Айта өтейік, марапаттау рәсімінде «Ардегер ойыншы» номинациясының иегері де анықталған болатын. Бұл аталымға Созақ ауданы әкімдігінің «Бастау» командасының ойыншысы Айдарбеков Ербол Әбдіәшімұлы лайық деп танылды. Сондай-ақ, соңғы «Сұрмерген» номинациясымен Шолаққорған бас мұнай айдау станциясы, «Мұнайшы» командасының ойыншысы Смайлов Дастан марапатталды.

Previous Post

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ АРАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ЕКІНШІСІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі