13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ АУДАНЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша заңнамалардың тиісті нормаларына түсіндірме жасау жөнінде семинар-кеңес өтті.
Семинар – кеңестің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды семинар кеңесті ашып, бірқатар күн тәртібінде тұрған мәселелерге көпшіліктің назарын аударып, агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын сақтауға бағытталған талаптарын түсіндіру мақсатында облыстық, аумақтық инспекциясымен ауыл шаруашылығы басқармасының сала мамандары келгенін айтып өтті.

Жиынға Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының орынбасары және салалық бөлім басшылары, аудандық инспекция қызметкерлері, Созақ аудандық аумақтық инспекция басшысы, мамандары, аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы, мамандары, ауылдық округтердің әкімдері, орынбасарлары және ауылшаруашылығы тауарын өндіруші жеке және заңды тұлғалар қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының орынбасары Б.Музаппаров инспекцияның негізгі міндеттері мен мақсаттары жайында баяндаса, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясың өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлім басшысы М.Куренбаев өзінің алғы сөзінде, аудан аумағында жеке және заңды тұлғалардың реттелетін салада қолданыстағы Қазақстан Республикасының агроөнекәсіптік кешенді реттеу мақсатындағы заңнамарының талаптарына инспекция тарапынан түсіндірме жүргізуге ықпал ету, алдағы уақытта осы саладағы заң бұзушылықтардың тәуекелдерін болдырмау және олардың алдын алу төңірегінде мәселелерді атап айтып, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері мен тиісті жеке және заңды тұлғалар арасында қолданыстағы агроөнекәсіп кешенін реттейтін заңдарды жетік білмейтін немесе білсе де елемейтін фактілер кейінгі кезде жұмыс барысында жиі ұштасып жататын жағдайларды көрсетіп, күн тәртібінде тұрған қажетті заңнамалардың талаптарын кәсіби түрде шарушылық субъектілеріне түсіндіру шараларын жасау маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің маманы Е.Ештаев Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заң талаптарын түсіндіріп өтті.

Previous Post

СОЗАҚ: МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

СОЗАҚ: МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ӨТКЕН ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі