13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОЗАҚ: МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
СОЗАҚ: МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Түзелбек Абжановты қабылдап, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін табыс етті.
–Саналы ғұмырыңызда елімізде медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өз жұмысыңызға адал, сапалы, кәсіби шеберлікпен және жауаптылықпен орындаған білікті маман ретінде танылдыңыз. Қаратау, Тасты ауруханасында бас дәрігер, Құмкент, Жартытөбе ауруханасында балалар дәрігері және аудандық аураханада аналар мен балаларды қорғау жөнінде бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс жасадыңыз. Еткен еңбек, төккен теріңіз бағаланып, облыстық денсаулық сақтау департаментінің грамотасымен, бірнеше рет облыстық Қызыл крест қоғамының грамотасы, «Ебек ардагері» төсбелгісімен марапатталдыңыз. Бүгінде 3 қыз, 3 ұл өсіріп 23 немере, 13 шөбере тәрбиелеп отырған Сіздей ардақты ардегерге қандай атақ берсекте жарасады деді, — аудан басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар Түзелбек Абжанов алдыңғы жолғы марапат рәсіміне денсаулығына байланысты келе алмағанын айтып, аудан басшысына азды-көпті жасаған жұмысымды бағалағаныңыз үшін алғысын жеткізді.
Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бірқатар бөлім басшылары мен мамандар қатысты.

Айта кетсек, Түркістан облысында Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты Созақ аудандық орталық ауруханасы теріскейдің 58 мың тұрғынына дәрігерлік көмек көрсетіп келеді. Атап, айтқанда, медициналық ұйым құрамында 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 бастапқы санитарлық медициналық ұйым, 9 дәрігерлік амбулатория, 9 ауылдық аурухана, 4 фелдшерлік-акушерлік тірек, 13 медициналық тірек халыққа қызмет етеді. Аудандық аурухана 254 төсек орынға арналған болса, тиісті мамандармен қамтамасыз етілген аудандық емхана ауысымына 500 пациент қабылдауға қауқарлы. Жалпы алғанда Созақ ауданында денсаулық сақтау саласында 900-ге жуық маман жұмыс істейді. Оның 124-і дәрігер, 500-ге жуығы орта буын қызметкерлері.Бір жақсысы Созақ ауданындағы емдеу мекемелерінің бәрі типтік ғимараттарда орналасқан. Тек Аққолтық ауылындағы медициналық тірек қана кезінде асар әдісімен халықтың көмегімен салынған екен.Созақ аудандық орталық ауруханасына мамыр айының екі аптасында гематологиялық талдағыш, биохимиялық талдағыш, зәрталдағыш, қан мен электролиттердің қышқылды-сілтілі жай-күйін талдағыш аппараттарын алдыртыпты. Мұндай лабораториялық анализаторлар қолжетімді болуы тиіс болса да бұған дейін аталған қондырғылардың болмауы себепті тұрғындар жолдамамен қажетті қызметтерді облыстағы басқа мекемелерге барып алып келген. Дәл осындай талдағыш медициналық аппараттар алдағы уақытта аудандық емханаға да орнатылмақ. Ең бастысы – Созаққа тегін жеткізілген, қайтарымсыз берілген медициналық қондырғыларды орнатушылар 7 жылдық келісімшарт негізінде күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын өз міндеттеріне алған.

Previous Post

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ОТЫРАРЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ТАЛАЙ ДОДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕН

Next Post

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі