13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отандастарымды сайлауда белсенді болуға шақырамын

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Отандастарымды сайлауда белсенді болуға шақырамын
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтетінін мәлімдеді.

Президент өз мәлімдемесінде Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатынын жария етті. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтетіндігін айтты.

Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталмақ. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады.

Енді өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалатын болды. Біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Қазақстанда қарқынды және жан-жақты жаңару үдерісі жүріп жатыр.

Бұл сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді. Мен барша жастарды жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын.

Құндыз ІЛИЯС,

Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы

Tags: 13kz13kz.kz13кзСайлауҚасым-Жомарт Тоқаев
Previous Post

Құжаттардың мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

Next Post

Жаңа жүйеде жаңашылдық бар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі