13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жаңа жүйеде жаңашылдық бар

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Жаңа жүйеде жаңашылдық бар
Share on FacebookShare on Twitter

Әділдік салтанат құрса, тың бетбұрыстың бастауында тұрмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтатып, кезектен тыс сайлау күнін 2023 жылғы 19 наурызға белгіледі. Осылайша Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтетін болды. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін өзі ұсыну мерзімі 2023 жылғы 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін жалғасатынын да айта кеткен жөн.

Ел Президенті өз мәлімдемесінде Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатынын айтты.

«Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді»,-деді. Сонымен қатар, жаңа жүйе сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағаның енгізілуі де өте маңызды қадам болды. Сондай-ақ, сайлау үдерісіне қоғамның түрлі өкілдерін барынша тарту үшін заңнамаға басқа да тың өзгерістер енгізілуі, депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлу заң жүзінде бекітілуі, сайып келгенде саяси бәсекені күшейтеді, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Әсіресе, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс беруі,  жариялылық және ашықтық негізінде жүзеге асырылуы, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болып отыр. Ең бастысы — саяси науқанның әділ өтуіне баса назар салуымыз керек. Егер әділдік салтанат құрса тәуелсіз еліміз тың бетбұрыстың бастауында тұр деп нық сеніммен айта аламыз.

Қорыта айтқанда, еліміздің жарқын болашағы жолындағы саяси науқанда белсенділік таныту — әрбіріміздің азаматтық борышымыз!

Мәлік ДӘУЛЕТОВ,

«Түркістан Медиа» ЖШС директоры

Tags: 13kz13kz.kz13кзасым-Жомарт ТоқаевСайлау
Previous Post

Отандастарымды сайлауда белсенді болуға шақырамын

Next Post

Алдағы сайлау әділ әрі ашық болуы керек

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі