13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құжаттардың мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

20 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Құжаттардың мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-ларында жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге өтініш білдірген клиенттер ағыны артты.

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері төлқұжатпен пен жеке куәлікті қалай алуға болатыны туралы айтып берді. Сондай-ақ, олар құжаттарды алу үшін мемлекеттік баж салығы өзгергенін еске салды.
Төлқұжат пен жеке куәлікті алу қызметі әлі онлайн режимінде қолжетімді болмай тұр. Бұл құжаттарды рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Десе де, қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – өзіңіздің тіркелген мекенжайыңызға қарамастан кез келген ХҚО-ға бара аласыз.
«Мысалы, сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзімі аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыра аласыз. Төлқұжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алу үшін өтініш білдірсеңіз, кешіктіргеніңіз үшін айыппұл қарастырылмайды.   Сонымен қатар, егер мерзімі аяқталған жеке куәлік бір ай ішінде жаңартылмаса, айыппұл төлеу керек болады», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2023 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 27 600 теңге.  Бұл ретте жеке куәлік үшін мемлекеттік баж 0,2 АЕК немесе 690 теңге болады.
Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі –  15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады, үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқартылады.

Анықтама. 2022 жылы шымкенттіктер 50 мың жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеді.

Previous Post

Жаңа Жылда жаңа төлқұжатпен немесе құжаттардың мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

Next Post

Отандастарымды сайлауда белсенді болуға шақырамын

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі