13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби: «Балалар біздің болашағымыз!» атты акция өтті

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Төлеби: «Балалар біздің болашағымыз!» атты акция өтті
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ленгір қосалқы мектеп – интернатында Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға «Балалар біздің болашағымыз!» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Іс — шараға аудан тумасы, Ә. Қастеев атындағы колледждің 4 – курс студенті Балабек Жәнияның демеушілік жасап, балаларға арнайы сыйлықтар мен түрлі тәтті тағамдарды тарту етті. Акция барысында ауданымыздың «Данагүл» әжелер тобы әсем әндерін тарту етсе, балалар арасынан да өнерпаздлар шығып әуелеген әндерін орындап, өз өнерлерін ортаға салды.

Еске салсақ, осыған дейін өңірде балалар жылына орай ұйымдастыфрылған іс шаралар қорытындыланған болатын. Түркістан облысында «Балалар жылын» өткізу 7 бағытта жоспарланып, облыс көлемінде 83 іс-шара іске асырылды. Оған 5.2 млрд теңге қаралды. Облыста мектепке дейінгі біліммен қамту – 92,9%. «Балалар жылын» және «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекелерін облыс көлемінде жоғары деңгейде өткізу мақсатында «TURAN-BALAFEST» он күндік фестивалі өткізілді. «Балалар жылы» шеңберінде «Дара» қорының қолдауымен Мақтаарал, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында түзету кабинеттерінің филиалдары ашылып, оған қор тарапынан 12 000 мың теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тиісті коррекциялық жұмыстар көрсету сапасы жақсарды. Сонымен қатар 11 айда облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде 9845 бала оңалту емін, 3892 бала сауықтыру емін қабылдаған. Республикалық оңалту орталықтарында 507 бала ем алған.

Облыстағы 38 қосымша білім беру мекемелерінде – 28 500 оқушы, мектептегі үйірмелерде 355 600 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 70,1%-ды құрады. Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды. Түлкібас ауданы 150 балаға арналған «Өнер» мектебі, Түркістан қаласында заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханасы ашылды. Кентау, Арыс, Төлеби аудандарында дәл осындай шеберханалар ашылады. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыс оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан I орынға ие болды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖАНДАНДЫРАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі