13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кәсіпкерлікті дамыту, идеясы бар жастарға қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта аудан, қалаларда жұмыс жүріп жатыр. Жаңадан кәсібін ашқандардың бірі – Жаңабек Фариза. Кентау тұрғыны мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда сағат, кескіндеме бұйымдарын шығаруда. Ерекше бұйымдарды эпоксидті шайыр өнімін қолдану арқылы жасайды.

Фариза Мықтыбекқызы бұл кәсіп түрін курстарға қатысып, үйренген. «ResinArt» техникасымен жұмыс жасауды игеріп шыққан. Бүгінде кәсіпкер шеберхананы жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.
Resin art — эпоксид шайырын (смола) қолданып, түрлі бұйым жасау өнері. Шайыр екі компоненттен тұрады: шайырдың өзі және қатайтқыш. Екеуі химия реакциясына түскеннен кейін шайыр сұйықтан қатты күйге айналады. Осы процесс кезіндегі эпоксид шайырынан түрлі формада әртүрлі картина, ыдыс-аяқ, сағат, үстел және тағы басқа бұйым жасауға болады. Шебер қиялына ерік беріп, әртүрлі зат ойлап таба алады. Дегенмен бір ескеретін жайт: шайыр қатып қалған соң оны өзгерту, онымен қайта жұмыс істеу мүмкін емес.Батыс елдерінде resin art-тың қалыптасқанына 20 жылдай болды. Ал Ресей халқы 5-6 жылдан бері бұл смола түрін өнерде пайдаланып жүр. Қазақстанға resin art шамамен 2 жыл бұрын келді.
Кәсіп бастағанына көп болмаса да, өнімдеріне жергілікті тұрғындар тарапынан тапсырыстар аз емес. Эпоксидті шайыр өнімінің кебуіне байланысты, аптасына екі, үш тапсырыс қабылдауда. Қазір Кентауда аталмыш кәсіп түрімен айналысатын шеберлер саны артып келеді.

«Бұл кәсіптің өз ерекшелігі болғандықтан таңдадым. Енді дамып жатқандықтан сұраныс көбірек. Бұл іс көпшілікке қызық, сол үшін үйренуге ниетті жандар көп. Бірақ оңай көрінгенімен үлкен еңбекті талап етеді», дейді жас кәсіпкер.

Previous Post

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

Төлеби: «Балалар біздің болашағымыз!» атты акция өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі