13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
САУРАН: АУДАН ӘКІМІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев аудандық ауған соғысының бір топ ардагерлерімен кездесті. Жиынға аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары қатысты. Кездесуде аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Тілес Ақай кеңес тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар барысын және алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, бірнеше ұсыныс пікірлерін білдірді. Сауран ауданында Ауған соғысына қатысқан 66 ардагер бар, оның 11 мүгедектік қатарында.
Ауғандық ардагерлердің ұсыныс пікірлерін тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев барлық мәселелерін назарға алып, алдағы уақытта орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Еске салсақ, аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаевтың 2023 жылдың бірінші тоқсаны бойынша өткен кездесу өткен еді. Оған арнайы келген Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасырды алқымдаған Закир Мұсаев атамыз аудан әкімінің атқарған жұмыстарын оң бағалап, алдағы атқарылап жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берген еді.
Ал былтыр Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толған-ды. Осыған орай Түркістан облысының аудандары мен қалаларында сол майданға қатысқан қазақ сарбаздары мен сардарларына құрмет көрсетілді. Қаза тапқандарын еске алу іс-шарасы өткен болатын. Мәселен, Сауран ауданында Кеңес әскерінің ауған жерін біржола тастап шыққанына 33 жыл толуына орай, ескерткіш тақта қойылған. Оған Сауран ауданы әкімінің орынбасары С.Садыбаев, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, Түркістан облысы «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Сауран аудандық филиалының төрағасы Ақай Тілес аудандық Ардагерлер алқасының төрағасы С.Ахметов, Сауран ауданының ауған соғысы ардагерлері қатысқан еді.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: АЗАМАТТАР АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЕРЕКШЕ КӘСІП ИЕСІ БАР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі