13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Жылды жақсылықпен қарсы ал» қолөнер байқауы өтті

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «Жылды жақсылықпен қарсы ал» қолөнер байқауы өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан «Оқушылар сарайы» ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен «Жылды жақсылықпен қарсы ал» атты қолөнер байқауы өтті. Қатысушылар сайысқа ерекше дайындықпен келгені көрініп тұр. Олар бірнеше жас ерекшеліктері бойынша сайысты. Бұл байқау жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттырып, шығармашылық арқылы табиғаттағы проблемаларға назар аударту мақсатында ұйымдастырылды. «Өнер» бөлімнің ұйымдастыруымен өткен байқауға керамика және мүсін, киім моделін жобалау, зергерлік өнер, шебер қолдар, ағаш шебері, сурет және рмексазбен мүсіндеу үйірмелері қатысты. Байқауға қажетті материалдарды қатысушылар өздерімен бірге алып келіп, пластик, мата қиындылары, қағаз, шикізат пен қалдықтарын пайдаланды.

Байқау нәтижесі бойынша 7-10 жас аралығында Асқарқызы Айкөркем мен Рахманәлі Еркеназ бірінші, Асан Аяла екінші және Мустафаева Раяна үшінші орынды иеленді. 11-14 жас аралығында Керімбек Шах-Карім мен Керімбек Райымбек бірінші орынды иеленсе, Икапова Адема мен Валихан Ақжібек екінші, ал Абдуллахат Ракия үшінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, 15-17 жас аралығында Әбдіханов Әбдуәлі бірінші, Қайрат Тұрар екінші және Айтбай Мереке үшінші орынды иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды.

Айта кетейік, облыстағы 38 қосымша білім беру мекемелерінде – 28 500 оқушы, мектептегі үйірмелерде 355 600 оқушы қосымша біліммен қамтылып, қамту көрсеткіші 70,1%-ды құрады. Қазығұрт ауданында 120 балаға арналған, Келес ауданында 320 балаға және Сайрам ауданында 300 оқушыға арналған жаңадан оқушылар үйі ашылды. Түлкібас ауданы 150 балаға арналған «Өнер» мектебі, Түркістан қаласында заманауи техникамен жабдықталған оқушыларды шығармашылыққа үйрететін «Fablab» шеберханасы ашылды. Кентау, Арыс, Төлеби аудандарында дәл осындай шеберханалар ашылады. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысында облыс оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте екі жыл қатарынан I орынға ие болды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КІТАПХАНАҒА КЕЛУШІ ОҚЫРМАННЫҢ САНЫ АРТҚАН

Next Post

ЖЕТІСАЙ: АЗАМАТТАР АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі