Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 10 кітапхана жұмыс істейді. Оның 4-і ауылдық жерлерде, 6 кітапхана қала аумағында орналасқан. Өткен жылы кітапханадан кітап алушы саны –167819 болса, келушілер саны – 84889-ды құраған. Оқырмандардың ішінде 15 жасқа дейін – 30%, жастар — 42%, әртүрлі жастағы — 28% құрайды.
Кітапхананың міндеті кітапты насихаттай отырып, жас буынның тарихымызға деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру, жас ұрпақты отанды сүюге тәрбиелеу және үнемі ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету болып саналады. Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітап қоры 291158 құрайды. Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры отандық және әлемдік классикалық туындылармен, қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен, мерзімді басылымдармен толықтырылған.
Асыл қазына — кітапты насихаттау және қала тұрғындарын кітап оқуға тарту мақсатында кітапхана қаладағы этносаралық қатынастарды нығайту, этносаралық мәдениетті өзара байыту жолында ұлттық мәдени орталықтармен бірлесе отырып көптеген достық кештерін ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, оқырмандар қызығушылығына байланысты 13 мүдделес клубы жұмыс істейді.
«Қалалық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы №6 кітапхана-филиалы республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанып, жүлделі орындар алып келеді. Қалалық кітапхананың бір ерекшелігі кітапханада немесе басқа ғимараттарда өтетін қызықты іс-шаралардың басым көпшілігі оқырмандар тарапынан ұсынылған бойынша өткізіліп отырады», дейді кітапхана басшысы Г.Кокулова.
қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарына көшпелі көрмелер өткізді.
Айта кетсек, облыстағы 395 кітапханада оқырмандар саны 425 860 адамды құрап, 104 081 дана жаңа кітаптармен толықтырылған. «Фараб» облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Тиянақты кітапханашы» жазғы оқу курсы қолға алынған. Сонымен қатар «Рухани керуен – Түркістанда» іс-шарасы, «Дара кітапханашы – дана кітапханашы» кәсіби кітапханашылар байқауы, «Түркістанның таңдаулы туындысы – 2022» акциясы, Түлкібас ауданы, Жабағылы ауылдық кітапханасында алғаш рет Түркістан облыстық кітапханашыларының слеті болып өтті.