13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: ТЕАТР ҚОРЖЫНЫНДА ТЫҢ ТУЫНДЫ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: ТЕАТР ҚОРЖЫНЫНДА ТЫҢ ТУЫНДЫ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданындағы қарашаңырақ өнер ордасы – Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты.

ҚР Мәдениет қайраткері – театр директоры Бақыт Сраилов бастаған ұжым театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ө.Пістебектің «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасының тұсауын кесті.
Қойылымның премьерасына Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов, маестро, профессор Бөрі Иса мен Р.Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Ержан Исатаев, зиялы қауым өкілдері мен жас көрермендер қатысты.

Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты Тіліген Ахметтің режиссерлығымен көрермендерге жол тартқан «Қынсыз қылыш Құрманбек» драмасында қазақ драма және опера театрларының негізін қалаған өнер тарланы, ұлы актер, талантты режиссер Құрманбек Жандарбековтың қазақ өнер сахнасын жанындай сүйгендігі, осы жолда көрген қиыншылықтары, қуаныш-қайғысы кеңінен бейнеленген.

Театр әртістері Сталиндік зұлматтар тұсында өмір сүрсе де ардан аттамаған, 1936 жылы Қазақстанның Халық әртісі, «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталып, үлкен театрларды басқарса да өн бойынан адамгершілігін, қарапайымдылығын, ізгілігін жоғалтпаған Құрманбек Жандарбековтың жарқын бейнесін жетісайлықтарға жоғары деңгейде жеткізді.

Ең алғаш шымылдығын қазақтың классик жазушысы Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасымен ашқан Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының репертуарында күні бүгінге дейін 200-ден астам тың қойылымдар көрерменге жол тартыпты.

«Театр ұжымы көрермендердің көңілінен шығып уақыт, заман ағымынан артта қалмау үшін нәтижелі еңбек етуді басты мұратымыз деп біледі. Тарих көшімен ілесе отырып көрермендеріне рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй, шабыт пен күш-қуат, тағы басқа да адами қасиеттерді сыйлауды мақсат еткен өнер ұжымы бүгін тағы бір тың дүниені көпшілікке ұсынып отыр. Бағасын көрермен береді» дейді ҚР Мәдениет қайраткері, театр директоры Бақыт Сраилов.

Театр ашылғалы киелі ордада оның негізін қалаушылар деп толық сеніммен айтуға болатын Қасымхан Шанин, Мұхтар Өтебаев сияқты біртуар өнер саңлақтары еңбек еткен. Жетісай драма театры өз шымылдығын алғаш рет қазақтың классик жазушысы Б.Майлиннің «Жалбыр» пьесасымен ашқан болатын. Онан бері де айтулы өнер шаңырағында бірнеше буын алмасты. А.Ысрайлов, Қ.Саурықов, Ш.Қожамұратова, А.Күлішов, Р.Қошпанқұлов, сондай-ақ, М.Омарбаева, Ш.Хакімжанова, Т.Қыстаубаев, Ж.Қарғабаев, Ә.Омарова, тағы басқа да ондаған өнер саңлақтарының сомдаған әр жанрлардағы рөлдері киелі сахнаны қадірлейтін көрермендердің жадынан шықпасы анық. ҚР Мәдениет қайраткерлері мен театр майталмандарының да өзіндік орны бар. Бұлардың соңында, яғни, олардың ізімен ондаған орта, жас буын әртістердің шоғыры өсіп келеді. Театрдың сахнасында Б.Майлиннің «Жалбыр», М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», Ғ.Мүсіреповтың «Қыз жібек» сияқты классикалық туындыларымен қатар алыс және жақын шетел драматургтерінің де тұшымды дүниелері сахналанды. Шығармашылық ұжым талай рет республикалық, сондай-ақ, бірнеше халықаралық деңгейдегі театр байқауларына қатысып жеңімпаз, лауреат, дипломат атанған.

Previous Post

Түркістан театрында «Шинель» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады

Next Post

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА КІТАПХАНАҒА КЕЛУШІ ОҚЫРМАННЫҢ САНЫ АРТҚАН

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі