13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан театрында «Шинель» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан театрында «Шинель» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан музыкалық драма театры 21-22 қаңтар күндері «Шинель» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады. Н.Гогольдің «Шинель» повесі бойынша қойылатын шығарманың инсценировкасын жасаған әрі қоюшы режиссері – Фархат Молдағали. Ол — бірнеше халықаралық фестивальдің жүлдесіне ие болған талантты режиссер. Бұған дейін ол театр репертуарындағы «Фариза» қойылымын сәтті сахналаған болатын.
Спектакльде «елеусіз шенеуніктің» образы арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Басты кейіпкер – Башмачкин өмірінің соңына дейін тіршілік үшін күреседі. Оны кедейлік пен өзгермейтін бірқалыпты тіршілігі әбден шаршатады. Айналасы оның адам сияқты өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Мазақтайды, қорлайды, намысын таптайды. Бірақ ол қарсылықсыз соның бәріне көнеді. Адамдардың әлеуметтік деңгейі мінез мен қабілетке де байланысты болатынын «әлсіз шенеунік» аңғармайды.

Сонымен қатар, ескі шинелін жаңасына айырбастағанда, көрген қорлығы мен адамдардың озбырлығынан «әлсіз шенеунік» алғаш рет бас көтеріп, «маңызды тұлғаға» шағымданады. Қатігез қоғамның тегеурініне шыдамаған оның тағдыры өліммен аяқталады. Әрі қарай фантастикамен жалғасатын спектакль көрерменге көп ой салады, дейді шығармашылық топ өкілдері. «Шинель» спектаклін дайындауға атсалысқандар: пластика бойынша режиссер – Шырын Мұстафина, педагог-кеңесші – Ерлан Кәрібаев, композитор – Ербол Нариманұлы. Сахна суретшісі – Нурлан Тулешов, театрдың көркемдік жетекшісі – Айнұр Көпбасарова.
Қойылым ерекшелігі барлық рөлді Түркістан музыкалық драма театрының жас актерлары ойнайтын болады. Атап айтсақ, басты рөлдерде: Акакий Акакиевич – Айбек Боранбаев, Петрович – Қадыржан Төреханов, Софья Федоровна (Директор) – Айя Дәрібаева, Маңызды тұлға – Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Кемпір (үй иесі) – Мұзафар Ғалымжанұлы және театрдың жас актерлары мен балет әртістері.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН КЕЛЕСТІК ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Next Post

ЖЕТІСАЙ: ТЕАТР ҚОРЖЫНЫНДА ТЫҢ ТУЫНДЫ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі