13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН КЕЛЕСТІК ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

19 января, 2023
in Uncategorized, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН КЕЛЕСТІК ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Игі салт, ізгі дәстүрмен ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан қазақ халқы үшін ең басты рухани байлықтардың бірі – ол отбасы құндылықтары. Дәл осындай қағиданы берік ұстанатын киелі Келес өңіріндегі бірлігі бекем Кеңесовтар жанұясы — елге сыйлы, көпке үлгі бола білген әулеттің бірі. «Басты мақсатымыз – отбасы деген құндылықтың қадір-қасиетін жоғалпай, елдегі бақытты шаңырақтардың санын арттыру», — деген ұстаныммен өмір сүретін жандар Келес ауданының Жолбасшы елді мекенінде тұрады.
Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіруді алдына мақсат етіп қойған Бақтияр Кеңесов пен Бедер Мархабаева осы күнге дейін бірде-бір рет сөзге келіп көрмегендерін айтады. Жұбайлар арасында сыйластық пен бір-біріне деген құрмет болса, жанұяда ауызбіршілік те, ынтымақ та, бақыт орнайтынын айтады үйдің отағасы.
— Алдымен сыйластық болу керек. Жас отбасылар бір-бірін қолдап, қиын кезеңдерде ынтымақпен бірлесе алса, алар асуы таусылмайды. Сондықтан балаларымызға айтып отырамыз. Сабыр сақтап, үлкенге құрмет, кішеге ізет етуді. Бүгінде балаларымызды үйлі-жайлы еттік. Барлығы бір-бір отбасыны бағып, қағып, ұрпақ сүйіп отыр, — дейді Бақтияр Кеңесов.
Өзінен тараған ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, олардың өнерлі, білімді болуына атсалысып жүрген алтынқұрсақты ана ұстаздық жолында көп жылдар бойы қызмет еткен. Сонымен қатар, Бедер Мархабаева ата-енеге де адал қызмет етіп, өмірге әкелген 7 перзентіне де адами қасиеттерді сіңіре білген.
Бүгінде тәрбиелеген ұрпақтары Қазақстанның түкпір-түкпірінде елге қызмет етіп жүр. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дейді қазақ халқы. Өз кезегінде Кеңесовтер жанұясы да қайырымды іс атқарудан кенде болған емес. Соның бір көрінісі ретінде айта кетейік, үлгілі әулет Жолбасшы елді мекеніндегі «Мамыт ата» мешітінің аяқталмай тұрған сыртқы жұмыстарына демеушілік жасап, өздерінің қаражатымен әрлеу жұмыстарын жүргізген. Бұл ізгі амал әлі күнге дейін ел аузында.

Previous Post

ТҮЛКІБАС: Састөбе кентінің әкімі Асқар Айдарбековтың Ант қабылдау рәсімі өтті

Next Post

Түркістан театрында «Шинель» спектаклінің премьерасы көрерменге жол тартады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі