13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛКІБАС: Састөбе кентінің әкімі Асқар Айдарбековтың Ант қабылдау рәсімі өтті

19 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛКІБАС: Састөбе кентінің әкімі Асқар Айдарбековтың Ант қабылдау рәсімі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылдың қорытындысымен Түлкібас ауданына 11 339 турист келген. Оның ішінде 450 шет ел азаматтары. Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ұ.Әлімбаев мәлімдеді. Сонымен қатар, бөлім басшысы өткен жылдың қорытындысымен кәсіпкерлік саласында оның ішінде индустрияландыру мен инвестиция тарту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы іске асатын жобалармен таныстырды.
Бұдан бөлек жиынның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының барысы қаралды.

Жалпы өткен жылы дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жәрдемақы алуға 80 жас маманнан өтініш түскен. Соның ішіндегі 62 маманға 100 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген. Және 2022 жылы 10 жас маманға үй салуға немесе сатып алуға 1500 АЕК көлемінде пайызсыз несие берілген.
Сондай-ақ, жиын барысында жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған Састөбе кентінің әкімі Асқар Айдарбековтың Ант қабылдау рәсімі өтті. Жауапты қызметке қадам басқан Асқар Талғатбекұлына аудан басшысы сәттілік тілеп, құттықтауын жеткізді.

Жауапты баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған Нұрлан Мархабатұлы, сыбайлас жомқорлықпен күресу, оның алдын алу жұмыстарын барынша күшейту бойынша бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне бірнеше тапсырма жүктеді. Атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сенім телефондары көрсетілген тақтайшаларды жаңартуды, барлық басшылар қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Жауапты орынбасры мен тиісті бөлім басшысына коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеп тұруын бақылауда ұстауды ескертіп, тәулігіне 24 сағат кезекші жөндеу бригадалары сақадай сай дайын тұру керектігін атап өтті.

Ауданымыздағы мал жайылымы мәселесінің өзекті екеніне тоқталып, ауыл әкімдеріне осы бастан ортақ жайылымға көрші аудандардан мал кіргізбеу мәселесін бақылауда ұстауды және әр округте мал санағын нақты жүргізуді тапсырды.

Previous Post

ШАРДАРАДА БОЛАШАҚ МАТЕМАТИК ӨСІП КЕЛЕДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: КӨПКЕ ҮЛГІ БОЛҒАН КЕЛЕСТІК ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі