13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ОТЫРАР АУДАНЫНА ЕКІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАБЫСТАДЫ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ОТЫРАР АУДАНЫНА ЕКІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАБЫСТАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Астанада қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2022 жылы атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есеп беру шарасын өткізген болатын.Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2016 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан бірыңғай қайырымдылық қызметімен айналысады. Қор денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт, халықтың әлеуметтік топтарын қолдау салаларында тұрақты түрде өз жобаларын жүзеге асырып келеді. Басты мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық өмірін жақсартуға көмектесу болып отыр. Салтанатты шара Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының 2022 жылы атқарған қайырымдылық жұмыстарының қорытындысын шығаруға арналды.

Еліміздің әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге бағытталған «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 2022 жылы қайырымдылыққа жұмсалатын бюджетті 40%-ға, яғни 10 млрд теңгеге дейін арттырып, балалар мен Қазақстан аймақтарын қолдауға баса назар аударды. Бір жылда барлығы 43 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 500 мыңға жуық қазақстандық көмек алды.

Аталған іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Е.Оралбай мен Отырар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Е.Нұрлыхановқа «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының директоры А.Адиева ауданымызға екі жедел жәрдем көлігін арнайы табыстады.
Жиынға қатысқан Отырар ауданының әкімінің орынбасары Ержан Асанұлы аудан халқының атынан, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына алғысын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қорытынды кеште «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбековке Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тарапынан арнайы медициналық көліктер — 5 реанимобиль мен 3 инватакси сертификатын табыстады. Жаңа көліктердің медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға септігін тигізетіні анық.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі