13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданында «Армрестлингтен жасжеткеншектер, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Түркістан облысының чемпионатына Жетісай аудандық № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып келді. Чемпионаттың қортындысы бойынша ойын кезеңдерінен аудан спортшылары командалық есепте жүлделі ІII орынға қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Спортшылардың жаттықтырушылары Қ. Өміралиев және Т. Қошаев болып табылады. Осылайша, Жетісайда спорт саласындағы жетістік қатары артып келеді.
Айта өтсек, Шардара қаласында армрестлингтен және гір тасын көтеруден ересектер, жастар, жасөспірімдер және жас жеткіншектер арасында Түркістан облысының чемпионаты өткен болатын.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев «Қол күрес спорты өңірімізге келгелі бері үлкен нәтижелерді көрсетіп, әлемдік деңгейге көтерілді. Осы орайда «Шардара Армспорт спорт» клубының негізін қалаған Арман Қарсыбаевқа алғысым шексіз» дей келе, барша жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеген еді.
Түркістан облысы бойынша гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев бұл чемпионат 2023 жылғы Республикалық, Әлемдік жарыстардың алдындағы алғашқы баспалдақ екендігін айтты. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен бірқатар спортшыларға Қол күресінен «ҚР спорт шебері» куәлігі табысталды. Сондай-ақ, Түркістан облыстық гір спорты және армрестлинг федерациясының арнайы төсбелгісімен бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.Сайыста Түркістан облысының 500-ге жуық спортшысы бақ сынады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта "Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра" атты әдеби кеш ұйымдастырылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ОТЫРАР АУДАНЫНА ЕКІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАБЫСТАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі