13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра» атты әдеби кеш ұйымдастырылды

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра» атты әдеби кеш ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Рабат ауылдық кітапханасында ақын, жазушы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай «Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра» атты әдеби кеш болып өтті.

Шараның мақсаты оқырмандарды Шәкәрімнің өлеңдері арқылы рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.

«Қазақ халқының ақыны, жазушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы — ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан бүкіл ұлттың рухани байлығы»,- деді мамандар. -Шәкәрім еңбектері — қазақ халқының рухани тәжірибесі мен даналығын бейнелейтін ұлттық мәдениеттің бірегей бөлігі. Бүгінгі кештің де мақсаты тарихи-мәдени мұраны насихаттау, оқырмандардың туған өлке тарихына, мәдениетіне және салт-дәстүріне деген құрмет сезімі мен қызығушылығын арттыру болып табылады. Ұлтымыздың мәдени кодында есімдері алтын әріптермен жазылған тұлғалар бар десек, соның бірі де бірегейі Шәкәрім. Оның көп жанрлы поэзиялық шығармаларының мазмұны өте терең. Туындыларында азаматтық және махаббат лирикасы, философиялық ойлар, тарихи балладалар және басқа да көптеген тақырыптар қамтылған.

Кеш барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері оқылып, шығармалары талқыланды. Қатысушыларға слайд-тұсаукесері ұсынылып, кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.
Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл… «Мен қазақпын» деген естінің өмірлік мақсат-міндетін екі-ақ ауыз өлеңге сыйғызған ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде бұрынғы Семей облысы Абай ауданында туған.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы сан-салалығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!» өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етті. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1931 жылы бандылармен байланысты деген жалған айыптаумен кеңес қарулы топ мүшелерінің қолынан өлім құшады. Араға алпыс жылға жуық уақыт салып қана ақын аты ақталды.

Previous Post

МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАСТАР ҚАР ТАЗАЛАУШЫ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ СПОРТШЫЛАРЫ ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТАН ЖҮЛДЕЛІ III ОРЫНМЕН ОРАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі