13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАСТАР ҚАР ТАЗАЛАУШЫ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАСТАР ҚАР ТАЗАЛАУШЫ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында қардың тынымсыз жаууына байланысты 150-ден астам жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылған. Қатты аязға қарамастан, аталған жұмысшылар кенттер мен елдімекендердегі орталық көшелердің бойындағы, мектепке, балабақшаға және медициналық нысандарға алып баратын жолдардың бойындағы аяқжолдарды, халық көп шоғырланатын орындарды, саябақ пен гүлзарларды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері жұмысшылардың ерен еңбегін ескеріп, қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға шәй, кофе, бәліш, құймақ, самса және тәттілер үлестірді. Сондай-ақ, бейнеттері үшін алғыс айтып, қар күреу жұмыстарына көмек көрсетті.

Айта кетейік, мақтааралдық жас еріктілер жалғызілікті қарттардың тұрғын үй аулаларын қардан тазарту жұмыстарына да белсене атсалысуда. Мақтаарал ауданында биылғы қыс ерекше қаттылығымен есте қалатын болды. Соңғы 10 жылдықтарда жаумаған қар жауып, ауа-райы күндіздің өзінде — 20-дан төмен түсіп кетті. Жалпы ауданда 554,4 шақырымды құрайтын 600-ден астам ішкі көшелер, 86,5 шақырымды құрайтын респбуликалық, 190,4 шақырымды құрайтын облыстық және 62,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Көп мөлшерде жауған қар және аязды ауа-райы автомобиль жолдарында көк мұздың қатуына себеп болды. Ауданда осы уақытқа дейін жолдарды қардан тазалауға және тайғаққа қарсы материалдар шашуға бюджеттен ешқандай қаржы қаралмаған. Сондай-ақ, бұған дейін қыс ауасының жұмсақ келуіне байланысты ауданымызда қар күрейтін немесе құм-тұз шашатын арнайы техникаларды сатып алу бастамасы қолдау таппаған.

Дегенмен, техникалардың жоқтығына қарамастан, аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен және демеушілердің есебінен трактор тіркемелері, погрузчиктер арқылы 313,67 км көше қардан тазаланып, халық көп шоғырланған орындар мен көлік кептелістері орын алатын орталық көшелерге, бағдаршамдар орналасқан жолдардың қиылысына, елдімекендердің ішкі көшелеріне 10-қаңтардан қазіргі таңға дейін 8 тонна тұз, 42 тонна құм шашу жұмыстары жүргізілді және бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

Жалпы қар тазалауға және тайғаққа қарсы материал шашуға МТЗ-80 маркалы 31 трактор, МТЗ-92 маркалы 11 трактор, МТЗ-95,2 маркалы 15 трактор, Беларусь 100-1 маркалы 3 трактор, Беларусь 95-3 маркалы 2 трактор тіркемелерімен бірге және 7 погрузшик жұмылдырылды.

Айта кетейік, облыстық және республикалық жолдарға иелік ететін мекемелерге аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың қолымен №08/02-03/1481 санды хат жолданып, құм-тұз себу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі сұралған. Қазіргі таңда республикалық, облыстық жолдарда да құм, тұз себу жұмыстары жүргізілуде.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті

Next Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта "Шәкәрім мұрасы- мәңгілік мұра" атты әдеби кеш ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі