13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қазығұртта «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сырт келбеті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономиканы басқару тәртібі де өзгеріп келеді. Болып жатқан өзгерістер әрине жақсы, бірақ сол өзгерістермен қатар мемлекетіміз «сыбайлас жемқорлық» деген тамырласқан індетпен күресуге тура келеді. Өкініштісі сол, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен жарыса өсіп, ел экономикасының қарқынды дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан оны болдырмау, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Осыған орай Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ауыл округі әкімінің орынбасары Р. Сванов, ауыл округі әкімі аппаратының бас маман заңгері Н. Серікбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің капитаны Н. Өмір, мәдениет үйінің директоры С. Қалмұратовтар сөз сөйлеп, өз ойларымен бөлісті.

Айта кетсек, өңірде «Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті», «Саналы ұрпақ – ел болашағы», «Саналы ұрпақ — сенімді болашақ» тақырыбында тәрбие сағаттары, кездесулер, адалдық сағаттары мен «Таза сессия» акциялары ұйымдастырылды. «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалаймыз», «Ізгілік елшілері», «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыптарында видеороликтер түсірілді. Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің және «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Әмиян жоғалттым: оны қайтару мүмкіндігі қай елде басым?» тақырыбында челендж, флешмобтар ұйымдастырылды. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбындағы сурет көрмелері, «Парасаттылық мектебінің» мүшелерінің «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сурет battle байқауы өтті.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес — ортақ парызымыз!», «Елбасы жолы өнеге!», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер көзқарасымен», «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» және т.б. тақырыптарда дөңгелек үстел, семинар, тренингтер; «Басты ұстаным – әділдік, парасаттылық және сенім», «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» эссе байқаулары; Колледждерде үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрыштары құрылды. Қамқоршылық кеңестің қолдауымен «Жүректен жүрекке», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде» атты акциялары да өткен еді. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті үздіксіз қалыптастыру жұмыстары қарқынды өткізіліп, әлеуметтік желілерде таратылуда.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТӨЛЕН ӘБДІК ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Next Post

МАҚТААРАЛДЫҚ ЖАСТАР ҚАР ТАЗАЛАУШЫ ЖҰМЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі