13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қазығұртта Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің туғанына биыл 120 жыл толып отыр. Қаншама уақыт өтсе де бүгінгі ұрпақ ғұлама жазушыны ешқашан ұмытпақ емес. Осы орайда, Шәмші Қалдаяқов атындағы ЖОББМ кітапханасында Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты-Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, жазушының шығармалары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, шыншылдыққа,адалдыққа тәрбиелеу. Жастарды қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларымен таныстыру арқылы кітап оқуға шақыру мен рухани жағынан байыту болып табылады.
Көркем сөздің хас шебері Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында дүниеге келген.

Оның шығармалары ХХ ғасырдың жарқын әдеби мұрасына айналған.Жазушы өзінің 25 жылдық шығармашылық қызметінде роман,пьеса, көптеген әңгімелер мен очерктерді дүнмиеге әкелді. Бүгінгі іс шарада оның «Қадірлі қонақ» шығармасынан шағын үзінді оқылды. Кеш қонақтары Ғабиден Мұсатафин жайлы баяндамаларын оқып, ортаға салды. Әдеби шарада оқушылар өздерінің ойларын ортаға тастады. Сондай-ақ, мектеп кітапханашылары М.Мұсаева мен Р.Абдуллаевалар Ғабидин Мустафиннің120 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды.

Саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің өркендеуіне, қазақ прозасының кең тыныстауына арнаған ұлы тұлға артына көп еңбек қалдырды. Елеусіз қалған бірі де жоқ. Сол кездегі тұрмыс халін арқау ете отырып роман саласында тақырып байытты. Замандастарынан көші ілгері жүрген қаламгер проза саласына қаламының сиясын аяған жоқ. Содан болар, оның шығармалары оқырман қолынан түспеді. Қазақтың біртуар жазушысы өз еңбектерімен соңына өлшеусіз із қалдырып үлгерді. Ғұлама жазушының Қазақ кеңес әдебиетін дамытудағы және қоғамдық қызметіндегі қол жеткен жетістіктері белсенділігі, іскерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ол «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» және екінші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: «SAMRUK-KAZYNA TRUST» ОТЫРАР АУДАНЫНА ЕКІ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІН ТАБЫСТАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ІС ШАРА ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі