13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ІС ШАРА ӨТТІ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ МЫҢҒА ЖУЫҚ ІС ШАРА ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек 2022 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары мен 2023 жылдың жоспарларымен бөлісу мақсатында БАҚ өкілдерімен кездесті. Баспасөз мәслихатында Әуесбек Жақсыбекұлы бөлімнің, бөлімге қарасты мекемелердің қызметтеріне тоқтала кетіп, атқарылған жұмыстарға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұрғындардың спортпен тұрақты шұғылдануы үшін ауданда 400 спорттық нысан жұмыс істейді.
Сонымен қатар ауданда 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 2 мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында құрылған спорт клубы және су спорт түрлерінен олимпиадалық спорт мектебі жұмыс атқарады. 2022 жылдың 12 айында спортпен шұғылданушылар саны 46930 адамға жетіп отыр. Аудан бойынша балалар мен жасөспірімдерге 126 кәсіби жаттықтырушы-мамандар 3968 оқушыға жаттығу сабақтарынан білім береді. Яғни бұқаралық спортты дамыту жұмысы да қарқынды екенін айта кеткен жөн.
Өткен жылы 130 спорттық іс-шаралар өткізілді. Оған қамтылған адамдар саны 46930 адамды құрады. Аудандағы спорттық оқу орталықтарында спорттың 24 түрінен 3968 жасөспірім 318 топта тәрбиеленеді. Тағы бір ақпар, Төлебиде 18 мәдениет ошағы, 6 ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. Жалпы штат бойынша 132 қызметкер жұмыс атқарса, оның алпыс алтысы шығармашылық, 66 техникалық қызмет көрсетеді.
2022 жылы аудан өнерпаздары облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, 5 — бас жүлде, 4- І – орын, 7- ІІ – орын, 7- ІII – орын иегері атанды. Төлеби аудандық мәдениет үйінде 994 іс шара өтті. Аудан, қала бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі болса 95,5 пайыз, үш тілді меңгерген тұрғындар саны 14200, яғни 11,8 пайызды құрап отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды

Next Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі