13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КІШІ ФУТБОЛДАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КІШІ ФУТБОЛДАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданы Қарамұрт ауыл округінде «SAFA MARUA» қайырымдылық қорының және Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Қарамұрт ауылдық округі бойынша спорт нұсқаушы Ирисбаев Умурбектің ұйымдастыруымен «Жақсы істі бірге жасайық!» атты кіші футболдан турнир болып өтті. Қайырымдылық турнирге Түркістан облысының аудан қалалаларынан 12 команда жасақталып қатысты. Аудан және облыс жастарын өзара ынтымақтастыққа үндейтін маңызды турнир өз деңгейінде өтті. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орын алған командалар кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.

Бұдан өзге, Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Түркістан облыстық өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Манкент ауылдық округі бойынша спорт нұсқаушысы Бибосынов Тастемірдің және Түркістан облысы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің белсенді жастарының ұйымдастыруымен Армрестлингтен (қол күрес) ересектер арасында Түркістан облысы деңгейіндегі Сайрам ауданының ашық турнирі болып өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына арнайы келген Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Абайұлы және Қоғамдық келісім КММ Сайрам ауданы филиалының басшысы Айтбаев Базарбай жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған жарыстың мақсаты: Аудан көлемінде армрестлинг (қол күрес) спорт түрінің бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлтаралық достық қатынасты күшейту.
Жарысқа Түркістан облысының аудан қалаларынан 200 ден астам спортшылар 5 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған жарыс өз деңгейінде өтіп, жанкүйерлердің көңілінен шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымдарының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады» – деп атап өткен еді.
Осыған орай Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт бойынша нұсқаушылары, ауданымыздың ауыл округтерін аралап, халықты салауатты өмір салтын ұстауға, бұқаралық спортпен айналысуға үндеп келеді. «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт бойынша нұсқаушылары тек жаттығуларды ғана емес, сонымен қатар мәдени-демалыс жұмыстарымен де айналысады. Олардың міндеті – барлық жастағы ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтына тарту. Осы мақсатта «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарбұлақ ауыл округі бойынша спорт нұсқаушысы Зухриддин Хайтмуратович ауыл округіндегі спорт алаңшалары мен нысандарын аралап, жай-күйімен танысты. Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында жаттығулар өткізді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Сайрамда Құралай Сәтмұханбетовамен шығармашылық кездесу кеші өтті

Next Post

ЖЕТІСАЙ: «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАҒЫ БІР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі