13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Сайрамда Құралай Сәтмұханбетовамен шығармашылық кездесу кеші өтті

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Сайрамда Құралай Сәтмұханбетовамен шығармашылық кездесу кеші өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Ардақты ана» облыстық музейінде ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, әнші, сазгер Құралай Сәтмұханбетовамен шығармашылық кездесу кеші өтті. Құралай Сәтмұхамбетова – оңтүстік өңірінен шыққан белгілі композиторлардың бірі. 150-ге жуық ән жазып, жүрек тебірентер әуездерімен әлікүнге дейін халықтың сүйіктісі болып келеді. Бүгінде шәкірт тәрбиелеп, ізбасарларына өнердің қыр-сырын үйретіп жүрген жан әлі де талай биікті бағындырмақ. Кешке келген қонақтар Республикалық байқаулардың лауреаты, композитор-әнші, «Алтынай», «Аппақ гүлдер», «Арман — әнім», «Ауылға барам», «Сені көргім келеді де тұрады», «Ару Ана», «Елім аман» т. б. әуезді әндері ел арасында кеңінен тараған Құралай Сәтмұханбетоваға арналған арнайы бұрышпен танысты.
Құралай Сәтмұханбетованың өнердегі замандас — әріптесі ҚР мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, «Көркем» әжелер ансамблінің жетекшісі Роза Әлімбекқызы құттықтау сөзге шығып сазгерге деген жүрекжарды тілектерін жаудырып, ән өнерін ұлықтап жүргені үшін алғыстарын жеткізді.
Шара барысында Сайрам аудандық мәдениет үйінің директоры Даулетхан Алашбаев кеш иесіне жылы лебізін білдіріп, бөлім басшысы Мади Абайұлы Нұрлыбаевтың арнайы Адресатын табыстады.
Тағылымдық-өнегелік кездесу кешінде сазгердің өмірі мен шабытты шығармашылығы дәріптеліп, өнерде жеткен жетістіктері айтылды. Құралай Сәтмұханбетова өзінің танымал «Аппақ гүлдер» және «Сені көргім келеді де тұрады» атты әндерін шашу етті. Сайрам аудандық мәдениет үйінің әншілері Алан Қадыр «Елге сапар», Ержан Темірбайұлы «Әке-ана» әнін орындап кеш қонақтарына жарқын көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында «Ел аман» әнін қонақтар сазгермен бірге шырқады. Айта кетсек, Құралай Сәтмұхамбетова – Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, республикалық байқаулардың лауреаты, композитор-әнші.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНЕ ЖАҢА ТӨРАҒА САЙЛАНДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КІШІ ФУТБОЛДАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі