13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕТІСАЙ: «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАҒЫ БІР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕТІСАЙ: «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАҒЫ БІР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданы, Атамекен ауылдық округінде орналасқан Атамекен елді мекенінде «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Өнер қырандары» театрының демеушілігімен 806-шы баспана табыс етілді.
Көңіл қуантарлық іс-шараға Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Досыбайұлы Әбжанов пен ауылдық округтің әкімі Шынболат Муташов, ауыл ақсақалдары қатысып, үйлі болған Сейілбек Жүнісовты құттықтады.

«Қазақ халқы қашан да ынтымақ, бірлік мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. Ауыл ақсақалдарының тәлім-тәрбиесін көріп, бірлігі мен ынтымағының мықтылығының арқасында Сейілбек ініміздің отбасы бүгінде баспаналы болды. Өнерде жүріп қайырымдылықтан қалыс қалмайтын иманжүзді азаматтардың ауызбіршілігі бір отбасыға үлкен қуаныш сыйлап отыр. Игі бастаманың бастаушысы болған «Өнер қырандары» театрының ұжымына, жүзеге асуына атсалысқан «Харекет» қорының азаматтарына үлкен алғысымды білдерімін. Мұндай игілікті шараның алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенімдімін» деді Әділхан Досыбайұлы.

5 перзентінің үшеуі мүмкіндігі шектеулі болса да 25 жылға жуық жалдамалы пәтерлерді паналаған отағасы жыл мезгілдеріне қарай түрлі жалдамалы жұмыстарды атқарып келген. Қыстыгүні мүмкіндігі шектеулі ұлдарының денсаулығына алаңдап, жұмысқа шықпайды екен. Ондай кездерде ауыл тұрғындары мен ағайын-туыстары отбасыға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Шара соңында ізгілік істің шапағатын көріп, 4 бөлмелі өз баспанасының табалдырығын аттаған Сейілбек Жүнісов қуаныштан көзіне жас алып, көмек қолын созған барша азаматтарға өз алғысын білдірді. Ал, ауыл ақсақалдары құтты баспана болсын деген тілеулестікпен ақ баталарын берісті.
Айта кетсек, “Харекет” қайырымдылық қоры 2017 жылы құрылған. Бүгінгі таңда ұйым Қазақстан бойынша 800-ден астам отбасына баспана сатып алуға көмектесті. «Харекет» қайырымдылық қорының мақсаты – «1000 теңгеге баспана» бастамасымен халықтың демеуімен республикамыздың түкпір-түкпірінде нақ мұқтаж жандарды іздеп тауып,– баспанамен қамтамасыз ету болып табылады. «Жетімін жылатпаған жесірін қаңғытпаған» қазақ деген халықтың арасында баспанасыз өзгенің босағасында жүрген отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың жылы да жайлы үйде өмір сүруіне жағдай жасау.
«Әрекетке – берекет» демекші, «Харекет» қайрымдылық қорының қарқынды атқарған істері берекетті болып, бүгінде еліміз бойынша баспанаға мұқтаж қаншама отбасына қуаныш сыйлап келеді. «Харекет» қоры құрылған күннен бастап, қор мүшелері мен ерікті топтардың тікелей атсалысуымен баспанасыз отбасылар үйлі болып, берекелі де мерекелі шаңырақ иелеріне айналып келеді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КІШІ ФУТБОЛДАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША СALL-ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі