13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША СALL-ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША СALL-ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталады. Осы орайда, Түркістан облысында арнайы кол-орталық іске қосылды. Енді өңір тұрғындары сырт елден әкелінген автомобильдерді тіркеуге қатысты ақпаратты +7 7253 358 637 байланыс нөмірі арқылы біле алады. Сall-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылады. Айта өтсек, облыста «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында бұдан өзгеде жобалар жұмыс істейді.

Айта кетсек, тұрғындар темір тұлпарды заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы мамандандырылған ХҚО-ға беруге болады. Онда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайды.

Азаматтар шетелдік көліктерін тіркеу үшін 4 құжатты ұсынуы қажет:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке куәлігі;
3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі;
4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлікті мамандандырылған ХҚО-ның тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін кіргізеді.

Тексеруден өткеннен кейін 2 күн ішінде көлікті заңдастыруға болатыны немесе болмайтыны жөнінде шешім шығарылады. Шетелдік көліктерді тіркеу Түркістан облысы бойынша 5 мамандандырылған ХҚО-да, яғни Түркістан қаласында, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарында жүргізіледі.

Айта кетейік, шетелдік көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге көлемінде мемлекеттік төлемдерді төлейді.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАҒЫ БІР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙ ЛИГАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі