13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙ ЛИГАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

18 января, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ӘУЕСҚОЙ ЛИГАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркісан қаласында шағын футболдан қалалық “Әуесқой Футбол Лига” 2022 жылғы күз-қыс маусым ойындарының жабылу салтанаты және футзалдан қала әкімінің кубогіне жеребе тарту шарасы өтті.
Шараға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров, сондай-ақ мәслихат депутаттары, Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев және қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев қатысты.

«Әуесқойлар арасындағы футбол – бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Спорт – денсаулық кепілі. Жас ұрпақтың дені сау болса, халқымыз әрқашан бәсекеге қабілетті болмақ. Сол себепті бүгінде мемлекет бұқаралық спорттың дамуына, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасап отыр», – деді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Шаһар басшысы «Әуесқой футбол лига» ойындарының жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан және қолдау білдірген Бақытжан Темірбаев, Біржан Шегебаев, Ихтияр Азимов, Жасұлан Базарбай, Еркін Нұрсұлтан, Сабыржан Камалов пен «Супер лига» тобындағы 3-орын алған «БАУЫРЛАР», 2-орын иемденген «ШАЛҚАР», 1-орын олжалаған «РМЗ ЖАСТАР» командаларын жеңістерімен құттықтап, футболшыларға ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, жиын барысында қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және мәслихат депутаты Ғалымжан Батырханұлы, қалалық полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев «Әуесқой Футбол Лига» ойындарының А, Б, С, Д топтарының жүлдегер командаларына арнайы алғыс хаттарды табыстады.
Айта кетсек, қала көлемінде шағын футболдан «Әуесқой Футбол Лига» ойындары А, Б, С, Д және Супер лига топтарына бөлінген. Жалпы 2022 жылдың күз-қыс маусымдық ойындарына 80 команда, көктем-жаз маусымдық ойындарына 64 команда қатысқан.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША СALL-ОРТАЛЫҚ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Next Post

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі